Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРҒА ТІРКЕЛУ НАУҚАНЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРҒА ТІРКЕЛУ НАУҚАНЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

1 қыркүйектен бастап медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту науқаны басталды. Екі ай көлемінде жүргізілетін науқан 1 қарашада аяталады. Айта кету керек, емхананы таңдағанда қолжетілімдікті ескеру керек. Яғни емханаңыз үйден 15-20 минут уақытта жаяу жететін жерде орналасқаны жөн. Ал, тіркелу екі әдіс арқылы жүргізіледі. Біріншісі, www.egov.kz сайты арқылы барлық азаматтарға арналса, екінші әдіс халықтың жекелеген санаттарына ғана арналады. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жаңыл Абубакиров айтты.
- Алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымы жеке тұлғаларға өз бетінше жүгінген кезде немесе «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсетеді. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін жазбаша нысанда тікелей өтінішті зейнеткерлер, мүгедектер, бала кезінен мүгедек баланың заңды өкілдері, сондай-ақ қорғаншылары немесе қамқоршылары, патронат тәрбиешілері және оларды алмастыратын, заңнамаға сәйкес баланы күтуді, оқытуды, тәрбиелеуді, құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын басқа да адамдар бере алады. Науқан арқылы тіркелген тұрғындарға жаңа емхана медициналық көмекті келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап көрсетеді. Тұрғындарға емхананы науқаннан тыс та ауыстыруға болады: жылына бір рет еркін таңдау құқығымен, сондай-ақ тұрғылықты жерін, жұмысын, оқуын өзгерткенде немесе бұрынғы емхана жабылған жағдайда, - деді Жаңыл Исақызы.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
09 қыркүйек 2025 ж. 52 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (9334)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (9333)

03 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930