Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 2019 жылы дәрігерлердің жалақысы 20%-ға дейін көтеріледі

2019 жылы дәрігерлердің жалақысы 20%-ға дейін көтеріледі


2019 жылдан бастап алғашқы медициналық көмек көрсету тарифын көтеру арқылы бейінді мамандардың еңбекақысы 20%-ға артады. Бұл туралы Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді. Елімізде бір дәрігерге 2 мыңға жуық адам қаралады. Яғни салада маман тапшылығы айқын байқалады. Жыл басынан бері 9 млн қазақстандық азамат алғашқы медициналық көмек көрсету ұйымдарына жүгінген. Алайда соңы өлімге алып келетін кардиология, онкология сияқты аурулардың алдын алуға тұрғындар бей-жай қарайды. Биыл бүкіл республика бойынша 1 млн тұрғын ғана мамандар көмегіне жүгінген. Осы орайда елімізде шағын медициналық орталықтар санын арттыру жоспары бар. Ал жыл аяғына дейін халық түгелдей электрондық денсаулық сақтаудың бірыңғай паспортымен қамтамасыз етіледі деп айтты.
www.24.kz
05 қыркүйек 2018 ж. 1 309 0

Қоғам

БЮРО ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
20 наурыз 2025 ж. 144

PDF нұсқалар мұрағаты

№20 (9287)

18 наурыз 2025 ж.

№19 (9286)

15 наурыз 2025 ж.

№18 (9285)

08 наурыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31