ЖАҚСЫ ІСТЕР ЖАЛҒАСЫН ТАУЫП ЖАТЫР

Жуырда аудан әкімі Айтбай Жандарбеков Шиелі кентіндегі осындай құрылысы жүріп жатқан бірнеше көпқабатты үйді аралап, тұрғындармен кездесіп, құрылыс жұмысын бақылады.
Яссауи мен Есабыз көшелеріндегі көпқабатты үйлердегі халықтың талап-тілегін тыңдады.
Тұрғындар атынан ардагер-ұстаз Әділбаева Рзақия Алтынбекқызы алғаусыз алғысын айтып, аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлына аудан тұрғындары атынан осынау атқарылып жатқан сауапты іс үшін ризашылықтарын білдірді.
Аудан әкімі Жандарбеков Айтбай Насриддинұлы жыл соңына дейін Шиелі кентінде дәл осындай 6 көпқабатты тұрғын үйдің жаңғыртуқұрылыс жұмысы жүретіндігін жеткізді.
Осы орайда дәл осы кенттегі көпқабатты тұрғын үйлерге қатысты 2024-2025 жылдардағы жөндеу-құрылыс жұмыстарына қатысты мәліметке назар аударсақ.
2024 жылы Шиелі ауданы Шиелі кентіндегі 8 көпқабатты үйдің қасбеттерін ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша «Құрылыс Бизнес и К» ЖШС-мен 81 200 мың теңгеге келісімшарт жасалып, құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталып, Шиелі кенті бойынша 7 көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттері жөнделген. 1 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеті демеушілік көздері арқылы жөнделген.
2025 жылы «Шиелі ауданы Шиелі кентіндегі тұрғын үйлердің қасбеттерін ағымдағы жөндеу» жұмысы бойынша жергілікті бюджеттен 87 332 119,84 теңге бөлініп, жеңімпаз мекеме «Нұр КазДаму» ЖШС-мен 69 865,7 теңгеге келісім шарт жасалған. Смета бойынша жұмыстардың көлемі – 3108,11 шаршы метр.
Бүгінгі күнге Яссауи көшесіндегі бір (450 шаршы метр) және Көкшоқы мөлтек ауданындағы 1 көпқабатты тұрғын (1 102 шаршы метр) үй қасбетін жөндеу жұмыстары аяқталса, 1 көпқабатты тұрғын (1 102 шаршы метр) үй бойынша құырылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар Д.Нүрпейісова көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйдің қасбетін жөндеу жұмыстары да жүргізілетін болады.
Шиелі кентіндегі Дәулеткерей көшесі №8, 10, 12, Яссауи көшесіндегі №67, Шәкәрім көшесіндегі №54, Дәулеткерей және Есабыз көшелерінің қиылысындағы №45 тұрғын үйлердің шатырын ағымдағы жөндеу жұмыстарына қажетті 98 689,0 мың теңге қаржының аудандық бюджеттен 2025 жылға қаралуына бюджеттік өтінім тапсырылып, мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланған.
«Ақбозат LTD» ЖШС-мен «Шиелі кентіндегі көп пәтерлі тұрғын үйлердің шатырын ағымдағы жөндеу бойынша жұмысына» барлығы 78 507 327,36 теңгеге тамыз айында келісім шарт жасалған.
Айта кету керек, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жеке тұрғын үйге бюджет есебінен, казынадан қаражат бөліп құрылыс-жөндеу жұмысын жүргізе алмайсыз. Анығында оны заң көтермейді. Дегенмен қала сәулетін қалыпты ұстау бағытында көпшілік көзге оғаш көрінбес үшін қасбеттерді жаңғыртуға рұқсат бар. Жергілікті билік, әкімдік қалғып отырған жоқ, немқұрайлылық танытпай мінекей осы қағиданы қағып алып, үйлерді шамашарқынша, заң аясында абаттандырып жатыр. Шіріп кеткен шатырын ауыстырып, қабырғасын бүтіндеп, айналасын абаттандыруда. Бәрекелді демейсіз бе?
СПОРТ КЕШЕНІ ЖАҢҒЫРУДА
Биылғы ауқымды құрылыс-жөндеу жұмыстарының бірі Абай көшесінде жүріп жатыр. Осы күнгі жұмыс жоспарынан кейінгі сапар Сапарбаев басқаратын анығында Нариман Құлахметұлы басшылық жасайтын №9 ОРМБЖ мектебінің ғимаратына жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарын бақылаумен жалғасын тапты. Айта кету керек, Абай көшесі №28 мекен-жайдағы бұл спорт кешенінің күрделі жөндеу жұмыстарына 250 миллиондай қаражат қаралған.
Осы орайда арнайы айдарлы тақырыпшамен Шиелі кентіндегі жүргізіліп жатқан құрылыс нысандары туралы ақпаратты назарға ұсынғанды жөн деп білдік.
ШИЕЛІ КЕНТІНДЕ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТҚАН ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЙЛЫ
Облыстық құрылыс басқармасы тарапынан, Шиелі кенті, Тәуелсіздік көшесі бойына құны 1 млрд 39 млн теңгеге «200 орындық Оқушылар үйі және 50 орындық Өнер мектебі», 2 млрд 300 млн теңгеге «Шиелі кентіндегі аудандық аурухананың 30 төсектік жұқпалы аурулар бөлімшесі», 733 млн теңгеге «Аудандық аурухананың қосымша ғимараты құрылысы», 363 млн теңгеге Шиелі кенті, Құрманғазы көшесі бойына спорткомплекс құрылысы, 255 млн теңгеге Шиелі кентіндегі, «Болашақ» дәрігерлік амбулаториясына күрделі жөндеу жұмыстары, 385 млн теңгеге №219 «Ыбырай Алтынсарин» атындағы мектептің күрделі жөндеу құрылысы, Шиелі кентінің, Шығыс аймақ бөлігіне 1 кезең инфрақұрылымын жүргізуге жалпы құны 734 млн 300 мың теңгеге жоба құжаттамасы жасақталып, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілді. Биылға 59 млн 496 мың теңге қаражат бөлініп, жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізілуде.
900 млн теңгеге Шиелі кентінде орналасқан «Теміржол вокзалына» жөндеу жұмыстары, 1 млрд 500 млн теңгеге 100 пәтерлік 50 тұрғын үйдің құрылысы, 67,8 млн теңгеге Шиелі кенті, Т.Рысқұлов көшесі бойына автотұрақ құрылысы, 250 млн теңгеге Абай көшесінде орналасқан спорткешенін күрделі жөндеу жұмысы жүреді. Сонымен қатар «Шиелі кенті, кәріз жүйелерімен тазарту қондырғысы құрылысына» жоба құжаттамасын жасақтау жұмыстары жүргізілуде.
ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ
Соңғы жылдары аудандағы маңызды жолдар, кентішілік көшелер тіпті ауыл-аймақтағы көшелердің өзінде жол құрылысы қарқынды жүрді. Қазірде алыстағы ауылдардың өзінде асфальті жоқ көше некен-саяқ. Одан қалды түнгі жарық шамдары да самаладай жарқырап, елді мекендердің көркін келтіргелі қашан. Аудан әкімі Айтбай Насриддинұлы Шиелі кентіндегі Жайлыбаев және Д.Смайлов көшелеріндегі автомобиль жолдарын күрделу жөндеу жұмысына құны 544 млн 708 млн теңгеге жоба құжаттамасы жасақталып, №Фрост-0125/25 санды нөмерімен сараптамадан оң қортындысы алынғанын, мемлекеттік сатып алу жұмыстары аяқталып, мердігер «Ақнұр-Авто» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен 506 млн 540 мың 594,45 теңгеге келісім шарт жасалғанын айтты. Аудандық аурухана, емханаға алып баратын негізгі көшелер күрделі құрылыс жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Жайлыбаевтан басталған құрылыс жөндей жұмыстары Емхананың алдын орай өтіп, Ә.Исмаил көшесінің қиылысына дейін созылады, екінші бағыты Жүргенов көшесіне барып тіреледі. Осы үш бағытқа созылып жатқан қиылысты көше бойларына жарық шамдарының бағаналары, тротуарлар, заманауи аялдамалар, көлік тұрақтары қатар салынып кетеді. Асфальттің қалыңдығы сөз жоқ, қарапайым көзбен ақ сын көтеріп тұр. анау-мынау салмаққа сынып кетпейтіндей.
Жалпы биылда біраз көше жөнделіп, жаңарып қалады. Әкімшіліктегі тиісті сала мамандарынан алынған ресми мәліметке сәйкес бүгінде ауданда 20 дан астам көшеге орташа жөндеу жұмыстары бастау алды.
Сонымен бірге, «Шиелі ауданы, Шиелі кентіндегі Ш.Есенов және А.Исмайлов көшелеріндегі автомобиль жолдарын күрделу жөндеу» жұмысына 347 млн 505,6 мың теңгеге яғни ұзындығы 2,5 км құрайтын жолдарға жоба құжаттамасы жасақталып, сараптамадан оң қортындысы алынып, қаржы тарту мәселесі қарастырылуда.
Биыл өзі шиеліліктер үшін толайым-табысты жыл болғанға ұқсайды. Шүкір дейік! Жылан жылы жақсы істер жалғасын тауып жатыр. Себебі ауданға Премьер-Министр, одан бөлек арасына апта салып бірнеше саланың министрі, вице-министрлер, айына бірнеше рет сенаторлар, мәжілісмендер келіп жатыр. Күн құрғатпай облыстан басқарма басшылары, ай сайын аймақ басшысы сапарлап келеді. Бұның барлығы осы елдегі, Шиелідегі тұрғындардың талап-тілегінен туындаған мәселелерді көзбен көру, соның шешімін табу, тиісті қолдауқаражатын бөлу бағытында атқарылып, істеліп жатқан істерге дәлел болса керек.
Нұрболат СӘДУАҚАСҰЛЫ