Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Білікті мамандарымызды елге қайтару керек - Қ. Тоқаев

Білікті мамандарымызды елге қайтару керек - Қ. Тоқаев

Президент бүгінгі Қазақстан халқына Жолдауында ғылым, білім және инновация саласын басқару тәсілдерін өзара байланыстыру өте маңызды екенін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
«Ғылым саласында әлі де мемлекеттің үлесі басым. Бірақ бюджет қаржысының қайтарымы әлі де шамалы болып тұр. Жаңа патенттер, технологиялар мен өндірістер сияқты көзге көрінетін нақты нәтиже жеткілікті емес. Инновациялық саясатты Ғылым және жоғары білім министрлігінің құзырына берген жөн. Министрлік және Ғылым академиясы бірлесіп, ғылыми институттар мен жоғары оқу орындарын үйлестіру ісімен белсенді түрде айналысуы керек», деді Қ.Тоқаев.
Мемлекет басшысы жасанды интеллектіні кеңінен қолданатын университеттерге көбірек дербестік беруді ұсынды.
«Сонымен қатар Үкімет дарынды зерттеушілерді қолдау үшін қосымша шаралар қабылдауға тиіс. Білікті мамандарымызды елге қайтарудың тиімді тәсілдерін ойластырып, қолданысқа енгізу керек. Кадр тапшылығын жою үшін көші-қон саясатын да қайта қараған жөн. Шетелден елімізді дамытуға үлес қоса алатын мықты мамандарды ұлтына қарамай тарту – өте маңызды міндет. Олардың Қазақстанда қалуына жағдай жасау керек. Себебі бізге білікті мамандар өте қажет. Әсіресе техникалық мамандықтарды меңгерген өз ісінің нағыз шеберлері керек. Қазіргі тілмен айтсақ, «сапасы жоғары адами ресурстар» қажет. Өйткені білікті, саналы адамдар – ұлттық экономиканың арқауы, ел болашағының кепілі», деді Президент.

Фото: nazarmedia.kz
08 қыркүйек 2025 ж. 51 0

Қоғам

БАҒДӘУЛЕТТІҢ БӘСІ БИІК

08 қыркүйек 2025 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (9334)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (9333)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (9332)

30 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930