Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазір тек бидай мен мал сатып отыратын заман емес - Президент

Қазір тек бидай мен мал сатып отыратын заман емес - Президент

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығына қатысты проблемаларды айтып, Үкімет агроөнеркәсіп саласын субсидиялаудың ұзақ мерзімге арналған жаңа тәсілдерін әзірлеуі тиіс екенін мәлімдеді.
"Еліміздің ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін және оның қосымша құнын арттыру қажет. Бұл - стратегиялық міндет. Қазір тек бидай мен мал сатып отыратын заман емес.
Үкімет агроөнеркәсіп саласын субсидиялаудың ұзақ мерзімге арналған жаңа тәсілдерін әзірлеуге тиіс. Бюджет қаражатының қайтарымы болуы керек.
Мемлекет қаржыны оңды-солды шашып, ысырап етуге жол бермейді. Субсидия бөлуге және оның жұмсалуына жүргізілетін бақылауды күшейту керек", - деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.
Айта кетейік, бүгін Парламенттің қос Палатасының бірлескен отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің дағдарыстан кейінгі кезеңдегі негізгі даму мақсаттары жайында Қазақстан халқына Жолдау жасап жатыр.


01 қыркүйек 2022 ж. 811 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№27 (9394)

14 сәуір 2026 ж.

№26 (9393)

11 сәуір 2026 ж.

№25 (9392)

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930