Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЕЖЕЛГІ ӘДЕТ, ЗАМАНАУИ ПАЙДА

ЕЖЕЛГІ ӘДЕТ, ЗАМАНАУИ ПАЙДА

Қазақтың кез келген әрекеті болмыспен және тұрмыспен тамырлас болып келеді. Әрбір әдет-ғұрпының түп негізінде мән де, мағына да бар. Өркениетке жұтылып бара жатқан әдебіміздің бірі – малдас құрып отыру. Осы бір отырыстың денсаулыққа пайдалы екенін біз біле бермейміз.
Бала күнімізде төрде таудай болып малдас құрып отыратын қариялардың талайын көрдік. Бәлкім, қарттықтан осылай отыратын шығар деп ойлайтынбыз. Сол бір қазыналы қарттардың белім, омыртқам, жамбасым ауырды деп отырғанын естімедік. Сөйтсек, малдас құрып отырудың денсаулық үшін маңызы зор екен. Оны бүгінгі медицина мамандары анықтап отыр. Бұрынғы бабаларымыз мұны білген де шығар.
– Малдас құрып отыру ата-бабамыздан қалған, бұрыннан келе жатыр. Малдас құрып отыру кезінде ең алдымен ми және мидың бөліктері демалады, сонымен қатар жұлын, мойын, кеуде, беломыртқа, сегізкөз, құйымшаққа да керемет әсері бар. Себебі ағзамыз босаңсып, тыныс алған кезде сәйкесінше ішкі мүшелеріміз де босаңсиды. Малдас құрып отырғанда әсіресе қан айналымы жақсарады. Бұл отырыс мойын, кеуде, беломыртқа ауруларын, яғни остеохондроз, люмбалгия, омыртқа жарығы секілді аурулардың алдын алады. Сондай-ақ ауру сезімін бәсеңдетіп, қысылып қалған жүйке талшықтарын босаңсытады, – деп тұжырым жасапты невролог мамандар.
«Малдас құрып отыру» тіркесінің мәні қандай?
«Қазақ әдеби тілінің сөздігіне» сүйенсек, малдас құру – тізені ашайта бүгіп, аяғын айқастыра, астына алып отыру. Малдас құру – қазақ халқының дәстүрлі отырыс үлгісі. Бұл – жерге немесе төсенішке тізені бүгіп, екі аяқты айқастырып отыру тәсілі. Қазақ тұрмысында малдас құрып отыру – сабыр мен сыпайылықтың, кішіпейілділік пен жинақылықтың белгісі саналған.
Иә, «жүрелемей, жүрегіңді басып отыр» деп үлкендер талай ұрысқанын естідік. Соған қарағанда, отырып-тұрудың да денсаулыққа әсері көп болғандығы. Мұны байырғы адамдар білген де болар. Өйткені өзінің бастауын Үндістаннан алатын иога терапиясында осыған ұқсас отыру әдебі бар. Онда анық миды тынықтырып отырады. Олар оның пайдасын әлдеқашан білген болар.
Тіпті қазіргінің трендіне айналған медитация жасау кезінде де бұл отырыс көп көрініс табады. Ал біз бабалар білгенді ұмыт қалдырып келеміз.
Қалай болғанда да, малдас құрып отырудың мәні зор екенін біле жүрсек артық болмас.
 
Гүлхан СӘБИТҚЫЗЫ
04 қыркүйек 2025 ж. 22 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (9333)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (9332)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (9331)

26 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930