Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жоспар құрудағы 6 қателік

Жоспар құрудағы 6 қателік

Ойға алған ісіңізді орындап, күн сайын бәріне бірдей үлгергіңіз келеді. Сіздің үлкен арманыңыз бар. Тәуліктегі 24 сағатты қалай тиімді пайдалану керек екенін де білесіз. Иә, дұрыс! Ол үшін жоспар құру керек. Balbal порталы арнайы СІЗ үшін  жоспар құру барысында көпшілік жиі жіберетін қателіктерді топтастырды.
Жоспарды ойда сақтап, қағазға түсірмеу – жоспар  құру барысында ең жиі кездесетін қателіктердің бірі. Нәтижесінде адамдардың жұмысы жүйесіз болып, әр істі өз уақытында орындауды ұмытып кетеді. Мұндай қателікті жібермес үшін арнайы дәптер арнап, жоспарыңызды жазып жүріңіз.
  1. Бірыңғай тізімнің болмауы. Көпшілік бір ісін стикерге, екіншісін телефонға немесе қолына түскен қағазға жазып жатады. Ал бұл жоспар құрудан бөлек дүние. Мұны жоспар құру деп емес, жай ғана ақпаратты еске салып отырудың бір жолы деп қабылдаған жөн. Мұндай жағдайда бір күн ішінде не істеу керек екенінен шатасып қалуыңыз әбден мүмкін. Уақытты тиімді пайдалануға да кесірін тигізеді. Сондықтан жоспарды бір жерге жазып, жүйелеген жөн.
  2. Жоспар құрып, сол жоспармен жүргісі келетіндердің басты қателегі – көп жоспар құру. Жоспар бар, енді барлығына үлгерсем болады деп ойлау қате. Санға емес, сапаға жұмыс істеген жөн. Аз болса да саз болатын жұмыстарды тізіп, соған сай тұрақты даму керек. Ал өзіңмен тұрақты жұмыс істеу, еңбек өз нәтижесін көрсетеді.
  3. Өз мүмкіндігіңізге қарай жоспар құрып, соған сай күн тәртібіндегі барлық жұмыстарды орындаңыз. Егер барлығына үлгеріп, уақытыңыз артылып жатса,  ертеңгі күннің жоспарынан 1-2 тапсырманы алып, қосымша жұмыс істеңіз. Жоспарыңызға тұрақты тамақтану мен демалысты, өзіңізге және отбасыңызға уақыт бөлуді енгізіп қойыңыз. Барлығы жұмыспен толып кетсе, тез шаршап қаласыз. Арасында әуезді ән тыңдап, миыңызды демалдырыңыз.
  4. Ұзақ мерзімге арналған жоспардың болмауы. Өміріңізді өзгертуге арналған жоспар құрыңыз. Күн сайын жұмыстан бас алмай жүру нақты мақсатыңыз болмаса, нәтиже бермеуі мүмкін. Сондықтан 6 айға, 12 айға, 18 айға жоспар құрып, қадамыңызды нық басыңыз. Step by step принципін ұстаныңыз.
  5. Жоспардың орындалғанын қадағаламау. Тізім бар, алайда ол тізімге қарайтын уақыт болмай, ұйықтар алдында блокнотты ашып, «бүгін қай іске үлгердім екен» деп ойлау – жоспармен жүруге тырысатындар арасында ең жиі кездесетін қателіктің бірі. Жоспарды жазып қана қоймай, жүйелі түрде жүзеге асырып отыру керек.
http://balbal.kz​​​
15 ақпан 2021 ж. 1 035 0