Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » МАЗМҰНҒА ТОЛЫ ЖЫР КЕШІ

МАЗМҰНҒА ТОЛЫ ЖЫР КЕШІ

Кеше «Руханият» орталығында аудан әкімінің қолдауымен, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақ хандығының 560 жылдығына арналған «Қазақ хандығы. Ұлы дала елі. Тәуелсіздік» атты облыстық жазба ақындар мүшайрасы өтті.

Жыр додасының мақсаты – тәуелсіздіктің қалыптасу кезеңдерін насихаттап, Қазақ хандығының тарихи маңызын, ролін, мәнін ашуға, елдің тұтастығын, бірлігін таныту, баршаның поэзия жанрына деген қызығушылығын арттырып, өз Отанына деген мақтаныш сезімін үлгі ету болып табылады. Байқауға Қызылорда қаласынан және аудандардан келген 12 жазба ақын қатысып, үш кезең бойынша бақ сынады. Алдымен «Өзім айтам өз жайымды...» тақырыбы бойынша бейнеролик арқылы өзін таныстыру, екінші кезеңде «Қазақ хандығы.Ұлы дала елі. Тәуелсіздік» тақырыбында және үшінші кезең бойынша «Киелі мекен – Шиелі екен» тақырынбында жүректен шыққан өлең-жырларын ортаға салды. Сайыс қорытындысы бойынша үздік деп танылған шиелілік Елдар Әмірхан бас жүлдені иеленді. Сонымен қатар, мүшайрада отты жырларымен ерекше өнер көрсеткен Қызылорда қаласынан келген жас ақын Бексұлтан Бағдатұлы І орынды, жүлделі ІІ орынды Арал ауданынан келген Айдар Сайлауов пен Жаңақорған ауданының ақыны Сұлтанғали Дәулет жеңіп алды. Ал облыстық жазба ақындар мүшайрасында ІІІ орынды Сырдария ауданынан келген ақын қыз Ақерке Балманова мен киелі Қорқыт жатқан қасиетті мекеннен келген Тұрар Шайдуллаұлы місе тұтты. Мазмұнға толы жыр кешін тамашалауға келген қалың көрермен қауым қара өлеңмен сусындап, ерекше әсер алып қайтты. Шара соңында сайысқа қатысушы жеңімпаздар мен қатысушыларға бағалы сыйлықтар мен аудан әкімінің алғыс хаты табыс етілді.

«Өскен өңір» ақпарат

02 тамыз 2025 ж. 102 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (9351)

04 қараша 2025 ж.

№83 (9350)

01 қараша 2025 ж.

№82 (9349)

29 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930