Жастар саябағында тазалық шарасы өтті

«Бүгінгі шараның мақсаты – жастардың бойында табиғатқа жанашырлықты қалыптастыру, оларды қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға үйрету. Жасыл орта – жарқын болашақтың кепілі. Бұл тек сенбілік емес, үлкен тәрбие мектебі», дейді жоба жетекшісінің орынбасары Абдурашитов Асылбек.
Сонымен қоса, «Кітап алмасу» акциясы да өтіп, 30-дан астам жас оқып шыққан кітаптарын жаңа кітаптарға алмастырып, рухани байлыққа деген құштарлықтарын танытты.
«Жасыл ел» бағдарламасы жыл сайын мыңдаған жасты біріктіріп, елді мекендер мен саябақтарды абаттандыруға, орманды алқаптарды қалпына келтіруге үлес қосып келеді. Бұл – жастардың еңбек пен елжандылыққа және бірлікке бастар жолы. Жастар саябағындағы бүгінгі шара соның бір айғағы іспетті.