ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІ ІС

Тазалық – әр азаматтың ортақ міндеті. «Тазалық – саулықтың, саулық – байлықтың басы» дейді халық. Мұндай игі бастамалар табиғатқа деген жауапкершілікті күшейтіп, оны аялау мәдениетін қалыптастыруға жол ашады. Расында, еңбек атмосферасы адамдарды біріктіре түседі. Тазалық шарасына кент және ауылдық округтерден жиналған азаматтар өз үлестерін қосты. Акцияға қатысушылар әулиелердің ордасына айналған мекенді көркейту ісіне жұмыла атсалысты. «Ханқожа» көлі жағасында бірлесе білек түріп тазалық жұмыстарын жүргізген жастардың қарасы қалың болды. Барлығының көкірегінде Отанға, туған өлкеге деген махаббат тұр. Осындай игі бастамалар қоғамды жаппай тазалыққа үндеумен қатар, аудан жастарының ауызбіршілігінің артуы мен жұмыла жұмыс істеу арқылы айрықша жоғары нәтижелерге қол жеткізетіндігін айқындай түспек. Осылайша, аудан азаматтары бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығару арқылы береке бірлік, тату тірлікпен акцияға үн қосты. Табиғат-Анаға жанашырлық танытып, туған мекенді таза ұстау – үлкен мәдениет пен талғамның белгісі. Экологиялық акция – жауапкершілік танытқан барлық топтарды жұмылдырып, көктемгі жаңарудың нышанына айналған тазалық жұмыстарының асқан маңыздылығын көрсетіп отыр. Асылында, адамзат табиғатпен және ондағы барлық тіршілікпен байланысты. Бұл – табиғат пен оның перзенті арасындағы тепе-теңдік болса керек. Ендеше, дәл осындай қоғамды бірлікпен тазалыққа үндейтін игі бастамалар әрі қарай жалғасын таба берсін демекпіз.
«Өскен өңір» ақпарат