Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІ ІС

Қазақ даналығында «Тазалық – саулық негізі, Саулық – байлық негізі» деген қанатты сөз бар. Қоршаған орта тазалығы тек табиғаттың ғана емес, адам өмірінің сапасын жақсартатын маңызды фактор болып табылады. Сондықтан қоршаған ортаны қорғау мен тазалықты сақтауда әрбір азаматтың жауапкершілігі аса маңызды.
Мемлекетіміз экологияны қорғауға және табиғат ресурстарын ұтымды пайдалануға ерекше назар аударып, жүйелі түрде шаралар қабылдап келеді. «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы 2024 жылдың көктемінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен бастау алып, бүкіл ел аумағында жалғасқан кең ауқымды шараға айналды.
Акция алғашқы жылдан-ақ оң өзгерістерге нық қадам басып, нәтижесінде ауыз толтырып айтарлықтай жұмыстар атқарылды. Оған ел куә. Жаппай халықтық қолдаудың нәтижесінде жүздеген мың аула мен көшелер тазарып, еліміздің түкпір-түкпірінде өткізілген сенбіліктерде тұрмыстық қалдықтар, пластик және өзге де қоқыс түрлері полигондарға шығарылып, бұрынғы бейберекет шашылған қоқыс үйінділері жойылды. Бұл – халқымыздың «Бірлік бар жерде, тірлік бар» деген тәмсілінің жүзеге асуының айқын көрінісі.
«Таза Қазақстан» акциясы экологиялық мәдениет пен азаматтық жауапкершілікті дамытуда үлкен рөл атқарады. Экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған берекелі бастамаға Шиелі ауданының тұрғындары, мекеме қызметкерлері, аудан ардагерлері, зиялы қауым өкілдері мен елінің нағыз пат­риоты – ерікті жастар үн қосуда. Өңірімізді көгалдандыру мен абаттандыру, көшет ағаштарын отырғызып, жасыл аймаққа айналдыру бағытындағы шаралар игі дәстүрімізге айналды. Бұл – мемлекет пен қоғамның бірлесе отырып атқарған жұмыстары экологиялық ­ахуалды жақсартуға септігін тигізіп, халықтың экологиялық мәдениетін арттырады.
Құрметті ағайын, табиғатты қорғау мен экологиялық мәселелер тек мемлекеттік шаралармен шектелмейді. Бұл әрбір азаматтың міндеті. Себебі қоғам болып бірігіп, экологиялық мәселелерді шешуге атсалысқанда ғана елімізде экологиялық ахуал жақсарып, болашақ ұрпаққа таза және қауіпсіз орта қалдыра аламыз. «Тазалық – табалдырықтан басталады» демекші, барлық аудан тұрғындарын ауласында, көше бойларында көркейту-көгалдандыру және тазалық жұмыстарын жасауға шақырамын.

Қ.Бекішов,
аудандық «Қоғамдық кеңес» төрағасы
30 маусым 2025 ж. 37 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№47 (9314)

28 маусым 2025 ж.

№46 (9313)

24 маусым 2025 ж.

№45 (9312)

21 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30