Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ТАЗАЛЫҚТЫҢ ТІНІ – ТАЛАП ПЕН ТӘРТІП

ТАЗАЛЫҚТЫҢ ТІНІ – ТАЛАП ПЕН ТӘРТІП

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы – тұтас халықты ұйыстырған берекелі бастама. Мемлекет басшысы Жолдауда осылай деді.
Елімізде көктемнен бері жалпыұлттық экологиялық акция жүріп жатыр. Оған Қазақстанның түкпір-түкпірінен миллиондаған адам атсалысты. Әлі де жалғаса береді.
Президент Халыққа Жолдауында «Таза Қазақстан» шарасына бірнеше айдың ішінде 3 миллионға жуық азамат атсалысты деді. Жүздеген мың үйдің ауласы тазартылған. 1 миллион тоннадан астам қоқыс жиналыпты. Демек, Мемлекет басшысының «бұл жоба – ұлтты ұйыстырған бастама» деуі бекер емес. Сөзімізге тұздық болсын, Президент пәрменін ұсынамыз.
Президент: «Таза Қазақстан» шарасына бірнеше айдың ішінде 3 миллионға жуық азамат атсалысты. Жүздеген мың үйдің ауласы тазартылды, 1 миллион тоннадан астам қоқыс жиналды. Осындай игі шаралардың арқасында қоғамда жаңа мәдениет, жаңа қоғамдық этика орнығып келеді. Мұны туған елге деген сүйіспеншілік, жанашырлық деуге болады. Ұлттың жаңа сапасы осындай нақты шаралар арқылы қалыптасады. Бұл – уақытша науқан емес. Осы маңызды жоба жыл бойы жалғаса беруге тиіс. Себебі, шынын айтқанда, кейбір санасыз азаматтарымыз табиғатты, көшелерді әлі де ластап жатыр. Осындай адамдардың әрекетіне заң бойынша тосқауыл қою керек. Бір сөзбен, қоршаған ортаның тазалығы әркімнің күнделікті дағдысына айналуы қажет.
Халқымыздың бойында жақсы қасиеттер өте көп. Мысалы, өзге елдер бізді қонақжай, ақкөңіл халық ретінде біледі. Дәл солай тазалық жұртымыздың қанына, жанына сіңген қасиет болуы керек.
«Таза Қазақстанның» аймақтарда сапалы жүзеге асуына әкімдер тікелей жауапты. Олар жұртқа істің мән-маңызын түсіндіріп, жұмысты дұрыс үйлестіруге міндетті» деп пәрмен ­берген-ді.
Жұртшылыққа жаңаша серпін берген сенбілік – шежірелі өлкеде де қызу жүруде. Себебі тазалық – аудан ажарын арттырып, қоршаған ортаның көркін көрік қосатын маңызды шара. «Тазалық – денсаулық кепілі» деген ізгі ниетті басшылыққа алған аудан әкімдігі сенбіліктерді жиі ұйымдастырып тұрады. «Таза Қазақстан» республикалық акциясы бүкіл бұқараны жұмылдырған ерекше бастамаға айналды. Қоршаған орта мен табиғатқа деген сүйіспеншілік шалғайдағы ел-жұрттың басын қосты. Сәйкесінше олар: «Құтты мекенге құрмет осылай болса керек-ті» дейді.
Сонау көгілдір көктемнің шуақты күндерінен бастау алған ауданды қоқыстан тазарту мақсатында ұйымдастырылатын сенбілік жұмыстары өз жалғасын тауып келеді. Нәтижесінде аудан орталығы кәдімгідей жаңарып қалды. Ауылдың түкпір-түкпірінде жүргізілген қызу тазалық жұмыстарынан соң, аудан орталығы айнадай жарқырады. Сенбілікке қатысып, өз аумақтарынан қоқыс-қалдықты шығарып, Жер-Ананың әсемденуіне бір кісідей атсалысуда.
Әдеттегінше, жаппай тазалау жұмыстарына барлық мекеме қызметкерлері құрал-саймандарын алып, білек сыбана кіріседі. Олар өздеріне белгіленген жерлерді күл-қоқыстан тазартып, бей-берекет тасталған заттарды шығару сияқты жұмыстар атқарылады. Шиелі ауданын басқарып отырған А.Жандарбеков өткен сенбіде сенбілік жұмыстарын өз көзімен көрді. Және барша тұрғындарды өз ауласын таза ұстауға үндеді.

С.БАХТИЯРҚЫЗЫ
24 қыркүйек 2024 ж. 406 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930