Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ШҚО-да "Таза Қазақстан" акциясы жалғасуда

ШҚО-да "Таза Қазақстан" акциясы жалғасуда


ШҚО-да "Таза Қазақстан" акциясы жалғасуда6 тамызда өткен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына Риддер қаласы бойынша 200-ден астам адам қатысты. «Журавлиха» өзенінің жағасын тазарту жұмыстары жүргізіліп, 2 тоннадан астам қоқыс шығарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Акцияға «Жасыл ел» еңбек жасағының жастары, Риддер қаласының әкімі Д.Рахметқалиев, депутаттар, қала жұртшылығы, сондай-ақ еріктілер мен барлық тұрғындар қатысты.
Айта кетейік, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Риддерде 30-дан астам ауқымды іс-шаралар өтіп, 10 тоннадан астам қоқыс шығарылды. Қосымша қоқыс жәшіктерін орнату бойынша жұмыстар жүргізіледі, арнайы техника санын және қалада тазалықты сақтауға жауапты қызметкерлер штатын ұлғайту жоспарлануда.

06 тамыз 2024 ж. 293 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (9425)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (9424).

01 тамыз 2026 ж.

№56 (9423)

28 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31