Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қырық жылдан кейінгі жүздесу

Қырық жылдан кейінгі жүздесу

Қызылорда облысы Шиелі ауданы №244 Ы.Жақаев атындағы мектептің 1985 жылы бітірген түлектері араға қырық жыл салып кездесті. Бүгінде бір-бір саланың тізгінін ұстаған азаматтар туған жеріне, ұшқан ұясына деген ыстық ықылас пен сағыныштың үлгісін көрсетті. Мектеп бітіріп үлкен өмірге қадам басып кеткелі арада қырық жыл уақыт өтіпті.
Ұлы достық пен сыйластық, құрмет пен қызмет үлгісі көрінді. Туған жердің жас өрендерін қолдап, салауатты өмір салтын сақтауға үндеп, мектеп түлектері арасында футболдан турнир ұйымдастырды. Ауызбіршілік пен командалық бірілікті насихаттайтын турнир 21 маусым күні Ибадулла Әлсүгіров көшесінде орналасқан № 9 аудандық спорт мектебінде өтті. Барлығы 16 команда 4 топқа бөлініп ойнады. Қомақты жүлде қоры қатысушыларға шабыт пен белсенділік сыйлады. Нәтижесінде І орынмен 1993 жылғы түлектер маапатталса, ІІ орынмен 2003 жылғы «Арлан» командасы, ІІІ орынды 2006 жылғы «Барыс»командасы қанағат тұтты.
Қырық жылдан кейінгі жүздесуге жете алмай, өмірден озып кеткен замандастар да бар. Өмірден өткен ардақты ұстаздарымыз бен замандастарымызды еске алып құран бағыштау үшін аудандық мешітте ас берілді. Замандас, бауырлардың аттары аталып, олар туралы жылы еселіктер айтылды. №244 Ы.Жақаев атындағы мектептің 1968 жылы туылған түлектері өздерінің өнегелі істерімен көпшіліктің алғысына бөленді. Игі істер жалғасын таба берсін!Түлектердің отбасыларына амандық, дендеріне саулық тілейміз!

«Өскен өңір» ақпарат
30 маусым 2025 ж. 25 0