Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бала бидегі волейбол ойыны

Бала бидегі волейбол ойыны

16 желтоқсан күні Балаби ауылы мектебінің спорт залында Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері Бердуали Баекеевты еске алуға арналған волейболдан ашық турнир өтті. салауатты өмір салтын сақтау, ауыл спортшыларына қолдау білдіру мақсатында ұйымдастырылған турнирге 8 команда қатысты.
Ала допты алақанда ойнатқан ойыншылар сегіз топқа бөлініп, жеңіс кубогін сарапқа салды. Жарыс бар жерде, жеңімпаз бар. 8 команданың ішінде дара шыққан Талаптан командасы финалда 25:22, 26:24 есебімен І орынды қанжығалады. Осылайша есе жіберген ақтоғандықтар ІІ орынды қанағат тұтты. Ал Ақмая ауылы командасы жүлделі үштікті қорытындылады.
«Әке көрген оқ жонар» демекші, Бердуали Назарқұлұлының 100 жылдығына арнап тартысты турнир ұйымдастырған ұрпақтары жарыс соңын қорытындылады. Үздік ойыншылар мен жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табыстады. Одан соң жарысқа қатысушыларға ауыл мешітінің асханасында Бердуали Баекеевке арнап арнайы ас беріліп, Құран бағышталды. Жарысты тамашалаған жанкүйерлер, ауыл спортының одан әрі дамуына тілектестіктерін айтып, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.

А.Асанов
20 желтоқсан 2023 ж. 794 0