Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жүйелі жұмыс жемісін беруде

Жүйелі жұмыс жемісін беруде

23 маусым – Қазақстан полициясы күні мерекесі қарсаңында аудандық полиция бөліміне барып, оның тыныс-тіршілігімен танысып қайттық.
Тәртіп сақшылары халыққа қолжетімді полицияның жаңа жүйесін қалыптастыруда қоғамдық қауіпсіздікті қоғаммен серіктестікте қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасы негізінде қызмет атқаруда.
Ішкі істер министрі 2025 жылды «Профилактика жылы: Полиция Заң мен тәртіп күзетінде» деп жариялап, қылмыспен күрес, қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жағдайын күшейтуді тапсырды.
Ағымдағы жылдың бес айында қабылданған профилактикалық іс-шаралар нәтижесінде бөтен мүлік ұрлықтарының 40 пайызға, телефон және пәтер ұрлығы 50 пайызға азаюына қол жеткізілді.
Қылмыстардың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстар өз нәтижесін беріп, ауыр және аса ауыр санаттағы қылмыстар 7,7 пайызға азайса (26-дан 24-ке), жыл басынан тонау, қалта ұрлығы сынды қылмыстарға жол берілген жоқ.
Есепті мерзімде ауданда жалпы тіркелген қылмыстардың саны 73-ті құрап, олардың ашылу көрсеткіші едәуір жақсарған.
Ауыр және аса ауыр санаттағы қылмыстардың саны 24, өткен жылмен салыстырғанда 2 қылмысқа азайған.
Сонымен мал ұрлығының 4 дерегі орын алып, оның 3-і ашылып, сотқа жолданды. Есепті мерзімде алаяқтық қылмыстарының 20 дерегі орын алды. Тіркелген алаяқтық қылмыстарының 7 дерегін интернет алаяқтық қылмыстары құрады.
Аталған қылмыс түрлерін алдын алу бағытында әлеуметтік желілерге күн санап жаңарып жатқан интернет алаяқтықтан сақтану жолдарын көрсететін арнайы ақпараттар жарияланып, қоғамдық орындарға қойылған «Лэд» экрандардың мүмкіндігін кеңінен пайдалана отырып алаяқтардың арбауына түсіп қалмау жайлы арнайы дайындалған бейнероликтер көрсетілуде.
Бұған қоса, адамдар көп шоғырланған жерлерде (орталық алаң, базар, сауда үйлері) бірнеше мәрте жадынамалар таратылып, денсаулық сақтау, білім беру және өндіріс мекемелерінде бірнеше рет кездесулер ұйымдастырылып, интернет алаяқтарынан сақтану жолдары түсіндіріліп келеді.
Сонымен қатар, әр ауылдық учаскелік полиция инспекторлары күнделікті өздеріне бекітілген ауылдарындағы түрлі «уатсап чаттары» арқылы халықты ұялы байланыс және басқа да, тәсілдер арқылы жасалатын алаяқтардың арбауынан барынша сақ болуға құлақтандыру жұмыстары ұйымдастырылуда.
ҚР «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» Заңына сәйкес тұрмыстық ортада құқықбұзушылық жасаған адамдарға 55 қорғау нұсқамасы, 36 құқықбұзушының мінез-құлқына ерекше талаптар белгіленіп, 4 азамат облыс орталығындағы ішімдіктен еріксіз емдеу мекемесіне жатқызылды.
Азаматтардан заңсыз айналымнан сақталған барлығы 11 дана атыс қарулар анықталып, тәркіленді.
Заңсыз көші-қондылықтың алдын алу мақсатында алыс жақын шет елдермен ТМД мемлекеттерінен барлығы 203 шетел азаматтарының келгендері жайлы хабарламалар тіркелсе, солардың ішінен ҚР-ның көші-қон туралы заңдарын бұзғаны үшін 44 әкімшілік құқықбұзушылықтар анықталған. Оның ішінде 25 шетел азаматтары әкімшілік жолмен елден шығарылды.
Жол қозғалысына қатысушылардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, полиция органының негізгі деген басым бағыттарының бірі. Осы бағытта аудан көлемінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында жыл басынан бірқатар профилактикалық шаралар жүзеге асырылды.
Жыл басынан жол-көлік оқиғаларының алдын алу жұмыстарының нәтижесінде жол апатына тікелей әсер ететін жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзудың барлығы 2804 құқық бұзушылық анықталып, оның 1728-не жалпы соммасы 27 млн 426 мың теңге айыппұл салынып, оның 23 млн 109 мың теңгесі өндірілді.
Сондай-ақ аудан көлемінде бей-берекет қараусыз жүрген малдарды қағу деректерін алдын алу бағытында атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 66 азаматқа үй-жануарларын бей-берекет жібергендері үшін ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 408-бабына сәйкес әкімшілік хаттамалар рәсімделіп, айыппұлдар салынды.
Жол-көлік оқиғалардың орын алуына бірнеше себеп бар. Атап айтқанда, жол қиылысында орналасқан бағдаршамдардың жұмыс жасамауы, кейбір жолдардың нашарлығынан жол талғап көлік жүргізетін жүргізушілердің жолдың қарсы бағытына шығып кетіп өзге көлікпен соқтығысуы, маневр ережелерін сақтамай авариялық ахуал туғызып, көптеген жүргізушінің жылдамдықты шамадан тыс арттыруы, көлік құралының басқару жүйесіне ие бола алмай өздігінен аударылуы салдарынан орын алған.
Аудан көлемінде жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында «Бала-Заң-Қауіпсіздік», «Түнгі қаладағы балалар», «Жасөспірім» «Абайлаңыз балалар» «Қауіпсіз мектеп» жедел профилактикалық іс-шаралары өткізіліп тұрады.
Сонымен қатар кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтар мен қылмыстарды болдырмау мақсатында қоғамдық орындарда патрульдеу және түнгі уақытта ойын-сауық орындарында рейдтік іс-шаралары ұдайы түрде ұйымдастырылуда.
Аудандық полиция бөлімінің жол-техникалық инспекциясы қызметкері мен коммуналдық қызметтердің өкілімен бірлесіп, барлық білім беру мекемелерінің аумақтарында жол жүрісін, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жергілікті атқарушы органдарға ұсыныстар мен нұсқамалар жолданды.
Күнделікті таңғы, түскі және кешкі уақыттарда мектептердің жол өткелдеріне оқушылардың кіріп-шығу кезінде полиция нарядтары жұмылдырылуда.
Жалпы алғанда, Шиелі аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінің жүйелі де, табанды жұмысының арқасында тұрғындар тыныштық пен қауіпсіз жағдайында өмір сүріп жатыр.

Айдар Бақытжанұлы
24 маусым 2025 ж. 25 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№48 (9315)

01 шілде 2025 ж.

№47 (9314)

28 маусым 2025 ж.

№46 (9313)

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031