ӨҢІРДЕГІ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР САНЫ 6 ПАЙЫЗҒА ТӨМЕНДЕГЕН

– Бүгінде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Жол апатының алдын алу бағытында республикалық маңызы бар тас жолдарға түнгі уақытта жүргізушілердің назарын аудару мақсатында 6 дана жарқылдауық маяк пен 7 жерге бейнекамера, 10 дана қызметтік автокөлік макеттерінің муляжы және 9 жерге «Әкетай, асықпа», «Құрметті жүргізуші! Жылдамдықты шамадан тыс асырма» мәтінінде панолар орнатылды. Сондай-ақ, 7 аудан тұсына 2 данадан жылдамдықты автоматты түрде тіркейтін өлшегіш құралдар орнатуды жоспарлап отырмыз. Айта кету керек, қазіргі таңда халықтың полицияға деген сенімі де артып келеді. Оған дәлел ҚР Президенті жанындағы қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының әлеуметтік зерттеуі шеңберінде полицияға сенім дәрежесін анықтау бойынша халық арасында жүргізілген сауалнама нәтижесінде Қызылорда өңірі халқының полицияға деген сенімі 77 пайызды құраған,- деді Ердаулет Баянбайұлы.
@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі