Астанада Орталық Азия мен Қытайдың зияткерлік меншік саласындағы ведомство басшылары бас қосты

Кездесу барысында стратегиялық жоспарлау, цифрлық технологияларды, оның ішінде жасанды интеллектіні қолдану мәселелері кеңінен сөз болды.
Қазақстанның Зияткерлік меншік құқығы комитетінің төрағасы Шолпан Әбдрэева өз сөзінде «Орталық Азия – Қытай» форматындағы ынтымақтастықты жүйелі және мазмұнды жұмыс жүргізуге арналған тиімді алаң ретінде атап өтті. Ол сондай-ақ цифрлық экономиканың сын-қатерлерін ескере отырып құқықтық реттеуді жетілдіру, дауларды шешу тетіктерін дамыту, іскерлік ортаға қолайлы жағдай жасау және заманауи цифрлық шешімдерді енгізу – өзара мүдделі бағыттар екенін жеткізді. Кездесу қорытындысында тараптар өңірлік деңгейде практикалық ынтымақтастықты тереңдетуге ниетті екендерін растап, бірлескен мәлімдеме қабылдады.