Зияткерлік меншік қорғау – стратегиялық нысанның бірі
Еліміз тәуелсіздігімізді жариялағаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткізді. Тарихи тұрғыдан қарағанда күрмеуге келмейтін қысқа мерзім ішінде Қазақстан дамыған, нарықтық экономикасы, орнықты саяси жүйесі бар, өз азаматтарының әлеуметтік қорғалуын жақсы жолға қоя алған осы заманғы мемлекет ретінде қалыптасты. Еліміз халықаралық қоғамдастық алдында жоғары құрмет пен беделге ие бола отырып, әлемдік координаталар жүйесінде лайықты орнын белгіледі.
Еліміз әлемдік аренада өзіндік орнын лайықтап, дамыған мемлекеттермен қатар тұрып, халықаралық рейтингтерде жоғарылауын тоқтатпады. Осындай рейтингтердің бірі – жаһандық бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші болып табылады.
Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі – жаһандық зерттеулер және әлем елдерінің экономикалық бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші бойынша онымен қоса жүретін оның рейтингі.
Елімізде соңғы жылдары мемлекеттік реттеуді азайтуға бағытталған елеулі реформалар жүргізілді. Әкімшілік кедергілер қысқартылып, бизнес- климат жақсартылды. Халыққа қызмет көрсету рәсімдері оңтайландырылып, регламенттелді, мемлекет тарапынан тексерулер мен рұқсат ету рәсімдері жүйеге келтірілді.
2018 жылдың рейтинг қорытындысына Қазақстан әлемнің 140 елі ішінде жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі бойынша 59 орынға тұрақтады.
Әділет министрлігі Дүниежүзілік экономикалық форумның бәсекеге қабілеттілік жаһандық индексінің 4 индикатордың негізгі орындаушысы болып табылады. Олар:
1. «Әкімшілік реттеуді дауласу кезіндегі заңнаманың тиімділігі» индикаторы;
2. «Меншік құқығы» индикаторы;
3. «Даулы мәселелерді шешудегі заңнаманың тиімділігі;
4. «Зияткерлік меншікті қорғау».
Әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің озық тәжірибесін біздің өңірде де енгізуге мүдделі. Ол зияткерлік меншікті қорғау ісін ілгерілету. Бұл – еліміздің мәдени-экономикалық дамуының бірден-бір бастауы болмақ.
Зияткерлік меншікті қорғау индикаторының деңгейін жоғарылату мақсатында Әділет органдары жүйелі жұмыстар атқарып келеді. Мысалы, былтырғы жылы Қызылорда облысының Әділет департаментімен зияткерлік меншік объектілерін пайдаланатын субъектілерге 6 тексеру жүргізіліп, нәтижесі бойынша 3 құқық бұзушылық анықталған.
ҚР ӘҚтК 158 бабы бойынша 3 әкімшілік іс жүргізу қозғалып, соттың шешіміне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке 3 тұлға тартылып, 151.515 теңге айыппұл салынды.
Ал, заңсыз айналымнан 65.000 теңгенің контрафактілі өнімінің 11 данасы тәркіленді.
Әділет органы зияткерлік меншік саласы бойынша құқықтық түсіндірме жұмыстарын қарқынды жүргізіп келеді. Айталық, өткен жылы зияткерлік меншік объектілерін пайдаланушы тұлғалармен, кәсіпкерлермен мекеме, ұйымдарда 982 шығулар ұйымдастырылды, 75 дөңгелек үстел, 80 семинар өткізілсе, 46 газетке мақала, 25 телеарна, радиодан сұхбат (оның 4-і бейнеролик) беріліп, 685 дәрістер оқылды. Сондай-ақ, тұрғындарға 3000-дай буклет, жадынамалар таратылды.
Зияткерлі меншік – азаматтық мүліктік құқықтар нысаны‚ жеке немесе ұжымдық зияткерлік еңбектің нәтижелеріне айрықша меншік. Зияткерлік меншік – материалдық емес игілікке жатады. Ол біреудің меншігіне берілмейді және тек құқық иесінің келісімімен ғана пайдаланылады.
Яғни, зияткерлік меншік құқығы саласындағы заңнамалар жазушы, поэт, композитор, суретші, режиссер, драматург, әнші, биші, өнертапқыш, ғалымдар мен басқа да көптеген шығармашылық жолындағы тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғап, қамтамасыз етеді.
Авторлық және сабақтас құқықтар өнеркәсіптік және зияткерлік меншіктің маңызды құрамдас бөлігі. Ол келесі интеллектуалдық шығармашылық қызметтерді реттейді: ғылым, әдеби және өнер туындылары, эфирлік және кабельдік хабар тарату ұйымдарының қойылымдарын, фонограммалары мен хабарларын жасауға және пайдалануға байланысты туындайтын қатынастарды, сонымен қатар, азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетулерді дараландыру құралдарын: өнертабыстың пайдалы үлгілері, өндірістік үлгілері, селекциялық жетістіктер, интегралдық микросызба топологиялары, ашылмаған ақпарат, оның ішінде өндіріс құпиялары, фирмалық атаулар, тауарлық белгілер, тауарлар шығарылатын жерлердің атаулары т.б.
Жоғарыда аталған қызметтердің иегерлері жеке тұлғалар болып табылғанымен, жалпы, мемлекеттің зияткерлік ресурсы және адамзаттың мұрасы болып есептеледі. Нақтырақ айтқанда, зият – тұрақты дамудың басты қозғаушы күші болып табылады. Олай болса, мемлекеттің міндеті – барынша зияткерлік шығармашылықты көтермелеу, сонымен бірге, тиімді авторлық құқықтық қорғау арқылы индустрия мәдениетінің дамуына, шығармалардың кең таратылуына және авторларды тіршілік етуге қажетті қаражаттарымен қамтамасыз етуге, жаңашыл өнертапқыштарды қолдауға мүмкіндік туғызады.
Бүгінде мемлекет тарапынан зияткерлік меншік құқығы саласын дамытуға жоғары деңгейде көңіл бөлінуде, өйткені атап өткеніміздей дүниежүзілік қауымдастықтың талаптарына жауап беру, дүниежүзілік сауда ұйымына кіру секілді маңызды мемлекеттік мақсаттарды жүзеге асыруда авторлық және сабақтас құқықтар мен өнеркәсіптік меншік саласындағы құқықтарды қорғау маңызды факторлардың бірі болып табылады. Сондықтан да, зияткерлік меншік азаматтардың әл-ауқаттылығы деңгейін белгілейтін құнды ресурс ретінде маңыздылыққа ие. Яғни, зияткерлік меншік – адам өмірінде аса маңызды рөл атқарады және әрқашан адамзаттың барлық кезеңдерінде ғылымның, мәдениеттің және прогрестің қуатты қозғалтқышы болып қала бермек.
Қызылорда облысы Шиелі ауданы Әділет басқармасының басшысы
Сәбит Ибраев