Бүгін зияткерлік меншік күні
26 сәуір – Халықаралық зияткерлік меншік күні. Еліміз 1993 жылдан бастап дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымына мүше болып табылады.– Кеден органдарының негізгі міндеті – өз құзыреті шеңберінде кедендік аумағында зияткерлік меншік құқығын қамтамасыз ету болып табылады. Кедендік тазарту барысында зияткерлік меншік құқықтарының бұзылу белгілері анықталған жағдайда 10 күнге дейін тауар шығару тоқтатылады. Бұл мерзім тек қана құқық иеленушінің сұрауы арқылы ұзартылады, – деді мемлекеттік кірістер департаменті кедендік бақылау басқармасының бөлім басшысы Болат Бердібаев.
https://syrboyi.kz






