Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бейжіңде Қазақстанның мәдени орталығы ашылады

Бейжіңде Қазақстанның мәдени орталығы ашылады

Бейжіңде Қазақстанның мәдени орталығы ашыладыБұл жөнінде ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов Қытай мен Орталық Азия арасындағы мемлекеттік басқару және гуманитарлық байланыстар жөніндегі симпозиумда мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Евгений Кочетовтың айтуынша, мәдени орталықты құру – Қазақстан мен Қытай арасындағы жоғары деңгейдегі келісімдердің нәтижесі. «Қытай – Қазақстан Республикасының сенімді досы, одақтасы және стратегиялық әріптесі. Екі елді ғасырлар бойғы достық, ортақ рухани құндылықтар мен берік ынтымақтастық дәстүрі байланыстырады», деді вице-министр. Сондай-ақ ол мәдени-гуманитарлық өзара әрекеттестіктің қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. «Бұл бағытқа мемлекет басшыларының қос астанада мәдени орталықтар ашу туралы бастамасы қосымша серпін берді. Қазір бұл жоба аяқталуға жақын. Биыл Қазақстан Республикасының Мәдени орталығы Қытай Халық Республикасының астанасы Бейжің қаласында есігін айқара ашады», деді ол. Қазақстан тарапы өз кезегінде Астанада Қытай мәдени орталығын ашуға толық қолдау білдіріп отыр. «Бұл қадам – халықтарымыз арасындағы мәдени байланысты тереңдетіп, өзара түсіністікті нығайтуда маңызды рөл атқаратынына сенімдіміз», деді Кочетов. Сонымен қатар, ол БАҚ саласындағы ынтымақтастықтың артып келе жатқанын атап өтті. «Қазақстандық телеарналар Қытайдың жетекші ақпарат құралдарымен, оның ішінде Синьхуа агенттігі мен Жэньминь жибао газетімен сәтті ынтымақтастық орнатып отыр. Біз әрдайым серіктестікке, диалогқа және өзара тиімді байланысқа ашықпыз», деді вице-министр.
30 мамыр 2025 ж. 61 0