Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Шиелі ауданында үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды

Шиелі ауданында үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды

Аудан әкімінің орынбасары Б.Ысмағұловтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және әріптестік жөніндегі II кеңес отырысы өтті.
Кеңес отырысына аудан көлемінде жұмыс жасайтын үкіметтік емес ұйымдардың төрағалары мен төрайымдары және кеңеске шақырылған дербес бөлім, мекеме басшылары, БАҚ өкілдері, кеңес мүшелері қатысты.
Күн тәртібінде:
* Шиелі ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің үкіметтік емес ұйымдармен атқарған жұмыстары және алдағы жоспарлары;
* «Тәжік-ауған шекарасындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері мен мүгедектері»
қоғамдық бірлестігінің 2025 жылы атқарған жұмыстары және алдағы жоспарлары;
* Бәйтерек, Бестам, Жуантөбе ауылдық округ әкімдерінің үкіметтік емес ұйымдармен атқарған жұмыстары және алдағы жоспарлары қаралды.
Кеңес барысында қатысушылар тарапынан бірқатар ұсыныстар мен пікірлер айтылып, келешекте атқарылатын жұмыстардың тиімділігін арттыруға бағытталған ойлар ортаға салынды.
13 маусым 2025 ж. 172 0