БАЛА – БАҚЫТ, БАЛА – НҰР

Нақ осы мереке киелі өңірімізде де кеңінен атап өтіліп келеді. Биыл да балалар мейрамы сол үрдістен жаңылған жоқ. Жандары жадырап, көңілдері қуанышқа толған бүлдіршіндердің мерекесі ауданның орталық алаңында өтті. Жиналған халықтың қарасы көп болды. Сонымен қатар балақайлар асфальтқа түрлі-түсті бормен сурет салып, өз өнерлерін көпшілікке паш етті. Ал салтанатты жиынның шымылдығы аудан әкімінің орынбасары Алмат Алдабергеновтың құттықтау сөзімен түріліп, балаларға ізгі тілегін білдірді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың мемлекеттік саясаттың басты бағытының бірі – б а л а л а р д ы ң ө м і р і н , қ ұ қ ы ғ ы н , денсаулығын, қауіпсіздігін сақтау. Осыған орай елімізде және біздің ауданда да балалардың құқығын қорғау,талантын ұштау, бос уақытын тиімді ұйымдастыру бағытында нақты шаралар жүзеге асуда. Балабақшалар мен мектептердің материалдық базасы жаңартылып, қосымша білім беру орталықтары ашылуда. Қазір аудандағы 1-3 жастағы балалардың 65 пайызы, 3-6 жастағы балалардың 100 пайызы мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған. Мемлекет тарапынан балалардың жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқуына, сапалы медициналық көмек алуы мен әлеуметтік қорғалуына, сауықтырылуына барлық жағдайлар жасалған. Сондай-ақ өңірде мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсетуге, олардың барлық өзекті мәселелерін шешу бағытында да жұмыстар үздіксіз атқарылуда, – деді А.Әбдуәзизұлы. Жалпы алғанда бөбектерге қамқорлық көрсету, олардың құқықтарын қорғау тек белгіленген бір күн емес, әрқашан да үлкендердің назарында болуы тиіс екендігін баса айтты аудан әкімінің орынбасары. Шара барысында аудан бүлдіршіндері әннен шашу шашып, мың бұрала биледі. Қылқалам өнерінен бөлек, жаңаша түрленген ұлттық нақыштағы ақыл-ойды дамытуға арналған ойындар көрмесі мен шахмат жарыстары ұйымдастырылды. Тіпті мерекенің шырайын келтірген ертегі кейіпкерлері де балаларды қызыққа бөледі. Осылайша, бүлдіршіндерді қуантуға арналған аудан көлеміндегі игі шарадан үлкен әсер алған балалардың жүзінде нұр ойнап, ал көздерінде шаттық пен қуаныш сезімі байқалып тұрды.
Айнұр МАХСҰТҚЫЗЫ