ОРТА ЖӘНЕ ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕГІ ТӘРБИЕ БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жиын барысында облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Парасат Жаңабергенов баяндама жасап, білім саласы бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті.
Аудандағы білім саласы бойынша ұсыныстар айтылып, сұрақтар қойылды.
Шиелі индустриалды-аграрлық колледжінің күрделі жөндеуден өтуі, "Жайлы мектеп" құрылысы, аудандық балаларды сауықтыру-демалдыру лагерінің құрылысы, қосымша білім беру үйірмелерінің жетекшілеріне үстемақы төлеу жүйесі, жеке балабақшалар жұмысы, #155 Ақтоған орта мектебіне қосымша құрылыс жүргізу туралы мәселелер көтеріліп, ұсыныс-пікірлер тыңдалды.
Одан соң, Шиелі ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Дәуренбек Насибеков атқарылған жұмыстарға қысқаша тоқталып, халық қалаулыларына бірқатар ұсынысын жеткізді.
Білім мен тәрбие беру мәселесіне ерекше маңыз берілуі керек. Себебі елдің ертеңгі егелері - бүгінгі мектеп партасындағы отырған жеткіншектер. Бала тәрбиесіндегі ата-ананың ролі мен ықпалын арттыру бағытындағы жұмыстар да жандануы қажет. Бұл ұсыныстар зерделеніп, тиісті шешімдер қабылданатын болады.