Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ТӘРБИЕ ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ

ТӘРБИЕ ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ

«Тәрбиесіз берілген білім, адамзаттың қас жауы» деген ғұлама Әбу Насыр Әл-фараби қай уақытта болсын бала тәрбиесі өте маңызды екенін айтқан.
Мемлекет үшін ең басты нәрсе – тәуелсіз болуында, ал адам үшін оның бас бостандығы және уайым-қайғысыз өмір сүруі. Оның негізгі кепілі – заң. Елімізде салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттердің бірі – бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу. Қазіргі уақытта балалардың көбісі теледидардан, ғаламтор мен әлеуметтік желілерден ұрып-соғу, қатыгездік, жан-жануарларды жәбірлеуді көреді. Бала тәрбиесіндегі маңызды бағыт – еңбекке, әдептілікке, инабаттылыққа, адамшылдыққа, қайырымдылыққа үйрету. Осылардың барлығын баланың бойына сіңіріп, күнделікті өмірде әдетке айналдыру тәрбиенің басты мақсаты. Отбасындағы сауаттылық – өркениетті қоғамның талабы, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан қазақы дәстүрлер көбінесе отбасында дамып, қалыптасады. Әлбетте, бала – біздің болашағымыз. Оларды тәрбиелеу, оқыту, білім беру, өмірде өз орнын қалыптастыру, барша ата-ананың міндеті. Бұл міндет – әрбір отбасында сақталып, өз орнымен жүзеге асуы заңдылық. Әр адамның баласы өзінің көшірмесі болып саналады, яғни бала ата-ананың күнделікті тіршілігінен өнеге алып, болашақта әртүрлі қоғамның келеңсіздіктеріне соқтығысып жатады. Елімізде тұрмыстық зорлықзомбылықтар баланың қатыгез, мейірімсіз болуына әкеп соқтыруда. Егер ата-ана отбасындағы келеңсіздіктерді сабырмен жеңіп, ақылмен шеше білсе, ол отбасында тәрбиеленуші бала зорлықзомбылықсыз, бақытты өмір сүреді. Бақытты бала – бақытты отбасы – бақытты ел!

Дастан ҮСЕН,
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің І курс студенті
24 мамыр 2025 ж. 95 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№52 (9319)

14 шілде 2025 ж.

№51 (9318)

12 шілде 2025 ж.

№50 (9317)

09 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031