Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ
Қазіргі таңда тәуелсіздік алған мемлекетімізде зорлық-зомбылыққа жол жоқ. Оның етек алуы отбасынан басталады.Отбасындағы салауаттылық-өркениетті қоғамның талабы, өйткені ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүрлер мен мұраттар көбінесе отбасында дамып, қалыптасады. Балалар – еліміздің болашағы.
Қазақстанда басты міндеттің бірі – бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу. Егер жалпы айтқанда зомбылықты физикалық қасірет көрсету әрекеті деп анықтауы болса, онда тұрмыстық зомбылықта осы әрекеттің бастауы мен айқындау нүктесі анық белгіленеді. Ол отбасы, яғни зәбір беруші мен жемтігі оның ең жақын адамдары болады. Олар – жұбайлар мен балалар. Отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесі әлемнің әр елінде ертеден орын алған. Зорлық балалардың денелік және психологиялық денсаулықтары және жан-жақты дамулары үшін ауыр машақат болып табылады. Барша адамның жауына айналған алкоголь ішімдіктері көптеген адамдарға зардабын шектіруде. Ананың бесік жырынан басталатын қарым-қатынасы, іс-әрекет, әдет-ғұрып, салт-дәстүр осылардың бәрі адамның дүниетанымын, сана-сезімін, мінезін қалыптастыратын тәлімдік мұра. Отбасындағы ата-ананың мінез-құлқы – баланың көз алдындағы үлгісі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы. Нашақорлық, темекіге, ішімдікке үйірлік, бұзықтық жолға түсіп зорлық-зомбылық жасауға мүмкіндік туғызады. Еңбек етуге, қоғамға, денсаулыққа, ұрпаққа, отбасына зиянын тигізеді. Балалар құқығын қорғау – егемен еліміздің басты құндылықтарының бірі. Сол үшін өскелең ұрпақтың дұрыс тәрбие алып, қоғамдағы құқықтарының сақталу жолында аянбай еңбек етуі керек. Балаларға қамқорлық жасау, баланың абыройы мен құқықтарын құрметтеу – тек мемлекеттің ғана емес, сонымен қатар жекелеген әрбір адамның міндеті.

Ұ.ЖҮНІСОВА,
Шиелі ауданаралық аурухананың психологы
Шиелі ауданаралық аурухананың психологы