Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЕРЛІК – ЕЛГЕ МҰРА, ҰРПАҚҚА ҰРАН

ЕРЛІК – ЕЛГЕ МҰРА, ҰРПАҚҚА ҰРАН

Бүгін Шиелі ауданында 9 мамыр — Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Тағзым алаңы» алдында «Ерлікке Тағзым» атты мерекелік шара өтті. Ұлы Жеңіс мерекесіне арналған іс-шараға аудан орталығының тыл және еңбек ардагерлері, ауыл тұрғындары мен қонақтар елі мен жері үшін аянбай қаны мен терін төккен туыстарына тағзым етуге жиналды. Жиынға Ауған соғысының ардагерлері, мемлекеттік органдар мен әскери бөлімдердің, құқық қорғау органдарының өкілдері және аудан тұрғындары қатысты. Салтанатты жиында аудан әкімі Айтбай Жандарбеков ардагерлерді мерекемен құттықтады. Әр жыл сайын 9 мамыр – Жеңіс күнін көкірегімізді кернеген ерекше мақтанышпен, бейбіт өмір сыйлаған ардагерлерімізге деген айрықша ризашылықпен қарсы аламыз. Жеңіс мерекесі - Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерлігі, тыл еңбеккерлерінің қаһармандығы, бейбіт күндеріміз үшін қантөгіс майданда жанын қиған батырларымызға арналады. Батырларымыздын ерліктері мен мұқалмас қажыр- қайраты өсіп келе жатқан жас ұрпақ үшін Отанға деген қайсар рухтың мықтылығы мен отансүйгіштік сезімнің шексіз өнегесі болып табылады. Отанымыздың тарихында алтын әріптермен жазылған бүгінгі қастерлі күні біз соғыста еліміз үшін қыршын өмірлерін қиып, елге оралмаған боздақтарды еске алып, олардың өшпес рухтарына бас иеміз ,— деді аудан басшысы.
Құттықтау сөздерден кейін Ұлы Отан соғысының құрбандары мен марқұм болған майдангерлер рухына тағзым етіліп, бір минут үнсіздік жарияланды. Салтанатты шара барысында жиылған қауым Ұлы Отан соғысы құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, тағзым етті. Ішкі істер бөлімінің сарбаздары жауынгерлер рухына арнап аспанға оқ атты. Сондай-ақ мерекеге байланысты жергілікті өнерпаздар соғыс жылдарындағы әндерді шырқады. Мерекелік кеш барысында патриоттық әндер шырқалып, жергілікті өнерпаздар мен шығармашылық ұжымдар өз өнерлерін көрсетті.

@Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

09 мамыр 2025 ж. 48 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№33 (9300)

06 мамыр 2025 ж.

№32 (9299)

30 сәуір 2025 ж.

№31 (9298)

29 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031