Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҰЛЫ ЖЕҢІС - ҰРПАҚҚА АМАНАТ

ҰЛЫ ЖЕҢІС - ҰРПАҚҚА АМАНАТ

Ұлы Жеңіс күні - егемен еліміз үшін айрықша мәнге ие, бейбітшілік пен отансүйгіштіктің нағыз үлгісін танытатын айтулы күн.
Осыған орай, бүгін қаладағы “Тағзым алаңында” «Ұлы Жеңіс - Ұрпаққа аманат” атты салтанатты іс-шара өтті.
Игі шараға қауіпті аймақтарда жауынгерлік азаматтық борышын өтеген Ауған соғысының ардагерлері, күштік құрылымдар, зиялы қауым өкілдері және қала тұрғындары қатысты.
Іс-шараға жиналған қауым соғыс жылдарында ерлік көрсеткен қаһарман батырлардың құрметіне 1 минут үнсіздік жариялап, мәңгілік алау алдына гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.
Айта кетейік, Ұлы Отан соғысы кезеңінде Сыр өңірінен 70 мың азамат майданға аттанып, оның 30 мыңнан астамы қаза тапты, хабар-ошарсыз кетті. Биыл Ұлы Жеңістің 79 жылдығын 4 соғыс ардагері қарсы алуда.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
09 мамыр 2024 ж. 233 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№48 (9315)

01 шілде 2025 ж.

№47 (9314)

28 маусым 2025 ж.

№46 (9313)

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031