
Аудан әкімі Айтбай Жандарбеков тыл ардагерлерінің отбасына барып, 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерекелерімен құттықтап, құрмет көрсетті. Бүгінгі таңда аудан бойынша 169 тыл ардагерлері бар. Аудан әкімі сұрапыл соғыс кезінде «Барлығы майдан үшін, барлығы жеңіс үшін» деген ұранмен таң сәріден, кеш батқанға дейін қажырлы еңбек етіп, соғыс күндерінің барлық ауыртпалықтарын қайсарлықпен көтерген тыл еңбеккерлеріне ізгі лебізін білдіріп, Ұлы Жеңістің 80 жылдық медалін табыстады. «Ерен еңбегі» үшін марапатталған тыл ардагері Төлегенова Күлсін, тыл ардагері 87 жастағы қария Ахметов Сауранбек, Темір жол саласының еңбек ардагері 90 жастағы Байболов Серікбай, 88 жастағы ардагер Бейімбетов Есболат және 97 жастағы тыл ардагері Асанұлы Ишанханның шаңырақтарына арнайы барып, айтулы мерекемен құттықтады. Кездесулерге мәслихат төрағасы, Ардагерлер кеңесінің төрағасы, аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы, Әйелдер кеңесінің төрайымы және аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлім басышысы қатысты. Бейбіт күннің жетістігі ардагер әкелеріміз бен аналарымыздың адал еңбегінің арқасы екенін жеткізген аудан әкіміне Тыл ардагерлері алғыстарын білдіріп, "Еліміздің тыныштығы бұзылмасын, соғыс болмасын" - деп өз тілегін білдіріп, ақ батасын берді.
@Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.