АРДАГЕРЛЕР АРДАҚТАЛДЫ
Жақында Аудан әкімі Айтбай Жандарбеков мәслихат төрағасы Мұрат Тұрабаев және “AMANAT” партиясы Шиелі аудандық филиалының төрағасы Болат Сыздықпен бірге Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Шиелі ауданының әлеуметтік - экономикалық дамуына сүбелі үлес қосқан, еңбек ардагерлеріне құрмет көрсетті. Кездесулерде Шиелі ауданында 40 жылдан астам білім саласында қажырлы қызмет атқарған 90 жастағы қария Әлімұса Смағұлұлы, қажы апамыз, білім саласының ардагері 78 жастағы Аманқұлова Ұлболсын, 45 жылдай қаржы саласында қызмет атқарған 87 жастағы ардагер Дүйсенбеков Тынысбектің және еңбек ардагері Қыдырбаев Әуезханның шаңырақтарына арнайы барып, сәлем берді. «Қарты бар үйдің — қазынасы бар» демекші, үлкендерді сыйлау, оларға құрмет көрсету — ата-бабаларымыздан келе жатқан салтымыз. Олардың ерен еңбегі, өмір жолы — өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге. Қазыналы қарттарымызды Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтаймын. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін! — деген Айтбай Жандарбеков ардагерлерге сый-құрмет көрсетті. Бейбіт күннің жетістігі ардагер әкелеріміз бен аналарымыздың адал еңбегінің арқасы екенін жеткізген аудан әкіміне аудан ардагерлері көрсетілген құрметке ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді.