Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: МАҚСАТ – ЭКОМӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: МАҚСАТ – ЭКОМӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

«Таза Қазақстан» – «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасының маңызды бағыттарының бірі. Жобаның басты мақсаты – тұрғындарға қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру және экологиялық жағдайды жақсарту, экожүйені тұрақты ету.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХIV сессиясында: «Менің бастамаммен былтырдан амаммен былтырдан бері «Таза Қазақстан» акциясы жүзеге асырылып жатыр. Жалпыұлттық жобаға 6 миллионнан астам адам қатысты. 1,6 миллион тонна - дан аса қоқыс жиналды. 3,3 миллион көшет отырғызылды.
«Таза Қазақстан», бұл – біздің бүгінгі және ертеңгі күніміздің кепілі. Сондықтан жұмыс үздіксіз жалғаса береді. Біз әр азаматтың, әсіресе, жастардың бойына тазалық, ұқыптылық, жауаптылық сияқты қасиеттерді сіңіруіміз керек» деді. Оның алдында «Таза Қазақстан» экологиялық фестивалінде Президентіміз: «Біздің Қазақстаннан басқа Отанымыз жоқ. Туған жерімізді ешкім сырттан келіп тазалап, көркейтіп бермейді. Отанымызды таза ұстау – әр азаматтың қастерлі парызы. Соңғы жылдары елімізде көптеген маңызды өзгеріс болды. Әділетті мемлекет болу үшін біз заң мен тәртіпке бағынатын қоғам құрып жатырмыз. Сондай-ақ ауқымды реформалар жүргізіліп жатыр» деп атап өткен болатын.
Бұл қоршаған ортаны көркейтіп, көгалдандыруға бағытталған жалпыұлттық акция өткен сенбі күні ауданда жоғары деңгейде жүргізілді. Аудан әкімі Айтбай Жандарбеков бастаған барлық мекеме басшылары, кент және ауылдық округтер, дербес бөлімдер, ардагерлер мен жастар да қолына күрек, кетпенін алып санитарлық тазалық жұмыстарына үлес қосты.
Сондай-ақ осындай игі бастамалар қоғамды жаппай тазалыққа үндеумен қатар, ұжымның ауызбірлігінің артуы мен жұмыла жұмыс істеу арқылы айрықша жоғары нәтижелерге қол жеткізетінін айқындай түспек. Осылайша, аудан азаматтары бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығару арқылы береке бірлік, тату тірлікпен елдің көркеюіне атсалыспақ.
Айта кетейік, биыл аудан бойынша «Үлгілі ауыл», «Үлгілі көше», «Үздік мекеме», «Үздік кәсіпорын», «Үздік кәсіпкерлік нысан» және «Үздік көпқабатты тұрғын үй» конкурстарын ұйымдастыру жоспарланып отыр. Бұл бастаманың мақсаты – елді мекендерде адам өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы қоршаған ортаны қалыптастыру және тұрғындарды қоршаған ортаны қорғау мен орнықты даму мәселелерін шешуге жан-жақты қатысуын қамтамасыз ету болып табылады. Сәйкесінше, зерделеу жұмыстары кезінде үздік деп танылған жеңімпаздарға ұйымдастырушы тарап қаржылай қомақты сый-сияпаттар табыстайтын болады.

М.Ибрагим
30 сәуір 2025 ж. 51 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (9299)

30 сәуір 2025 ж.

№31 (9298)

29 сәуір 2025 ж.

№30 (9297)

26 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930