Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ТІРШІЛІК ТАМЫРЫ – ТАС ЖОЛДА

ТІРШІЛІК ТАМЫРЫ – ТАС ЖОЛДА

Аудан аумағындағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы – 323,4 шақырым. Бұл – жүздеген ауыл тұрғындарының күнделікті жүріп өтетін жолы. Әлеуметтік нысандарға, базарларға, мектептер мен емханаларға апарар күретамыр. Жол тек бағыт емес, ол – үміттің, өркендеудің, болашақтың символы.
Аталған жолдардың 80 шақырымы республикалық маңызға ие болса, 98 шақырымы облыстық, ал 145,4 шақырымы аудандық деңгейде есептеледі. Осы жолдардың ішіндегі аудандық маңыздағы жолдардың ұзындығы 145,4 шақырымды құрайды, оның 130,4 шақырымы (89,7 пайыз) бүгінгі күні жақсы және қанағаттанарлық жағдайда. Ең маңызды деректердің бірі – облыстық және республикалық маңызы бар жолдардың барлығы 100 пайыз асфальтталған.
«БОТАБАЙ-ЖУАНТӨБЕ» ЖОЛЫ – ЖІТІ НАЗАРДА
Бүгінгі күні ел аузында жиі айтылып жүрген мәселенің бірі – «Ботабай-Жуантөбе» бағытындағы 15 шақырымдық аудандық маңыздағы жолдың мүшкіл халі. Бұл жол бөлігінің қанағаттанарлықсыз күйі тұрғындар үшін мәселе болып келген. Дегенмен, жергілікті билік бұл бағытта нақты әрі жүйелі әрекетке көшті. Жолдың жағдайын жақсарту мақсатында жоба-сметалық құжаттама әзірленіп,
2022 жылдың 7 желтоқсанында ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы алынды. Жобаның жалпы құны – 1 910,6 миллион теңгені құрайды. 2022 жылдың 7 желтоқсанында жоба-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы алынып, жобалық құны 1 млрд 910,6 млн теңге көлемінде бекітілді. Бұл – тек сандар емес, ел үмітін арқалаған қаржы. Қазіргі таңда құрылысмонтаждау жұмыстарына қажетті 1 млрд 808 млн 87 мың теңге осы жылға жоспарланып, бюджеттік өтінім ұсынылды. Бас мердігер – «Шиелі-Жолшы» ЖШС. Осы арқылы ауыл арасындағы алшақтықты қысқартып, әлеуметтік-экономикалық байланыс¬тар күшеймек. тар күшеймек.
«САМАРА-ШЫМКЕНТ» ЖОЛЫ – ЖАҢА САПАҒА ҚАДАМ
Тағы бір маңызды бағыт – аудандық маңыздағы «Самара-Шымкент» автожолы. 8 шақырымдық жолды қайта жаңғырту жұмыстарына 2024 жылдың соңына дейін 841 млн 121 мың теңге қаржы игерілген. Ал 3,12 шақырым жолға асфальт төселіп, алғашқы нәтижелер өз жемісін бере бастады. Жоба жалғасып жатыр. Биылға ҚР Ұлттық қорынан 570 млн 269 мың теңге, облыстық бюджеттен 153 млн 518 мың теңге бөлініпті. Бұл – халыққа ыңғайлы, қауіпсіз және заманауи жол тартудағы нақты қаржылық қолдау.
АУЫЛ КӨШЕЛЕРІ ДЕ ЖАҢАРУДА
Шиелі ауданында тек ірі жолдар емес, ауыл ішіндегі көшелер де назардан тыс қалып отырған жоқ. Жалпы саны 22 жобадан тұратын, ұзындығы 114,23 шақырым болатын жолдарды күрделі және орташа жөндеуден өткізу үшін 11 млрд 24 млн 471,4 мың теңге қаржы қажет. Бюджеттік өтінімдер тиісті деңгейге тапсырылып, қолдау табуда.
Әрбір елді мекендегі жолдардың сапасын арттыру – ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды компоненті. Бұл мақсатта әрбір ауыл мен ауылдық округтің жолдары қайта құрылымдалуда. Мысалы, Бәйгеқұм елді мекенінде осы жылға 3,3 шақырым көше жолдарын күрделі жөндеуге 119 776,0 мың теңге қаржы қаралған. Бұл жоба аясында төрт көше жаңартылатын болады. Олардың ұзындығы әртүрлі: Желтоқсан, М.Маметова, Бала би, Досбол би көшелері, сондай-ақ Асан ата мен Оқшы ата көшелері де жөндеуден өтеді.
Ә.Тәжібаев елді мекенінде 6,5 шақырым жолды күрделі жөндеуге 446 277,0 мың теңге қаржы қаралды. Бұл жұмыстар 8 көше бойынша жүргізіледі. Олардың ішінде Т.Жұматов көшесінің үш бөлігі мен Доспан Шайық, Қ.Әбдіқадыров, Қ.Мұңайтпасов көшесі де қамтылған.
Тартоғай мен Ы.Жақаев елді мекенд嬬ріндегі ріндегі көшелердің жөндеу жұмыстарына да қаражат бөлініп, осы жобалардың барлығы аудан тұрғындарының көлік қатынасының қауіпсіздігі мен қолайлылығын арттыруға бағытталған.
Шиелі ауданының жол саласындағы бастамалары – өңірлік дамудың шынайы үлгісі. Бұл тек асфальт төсеп, шұңқыр жабу ғана емес, бұл – халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған кешенді стратегия. Әр жол – бір арманға апарар жол. Ал сол арман жолының сапасы – биліктің халық алдындағы жауапкершілігінің көрінісі.

Сұлушаш МАДИЯРОВА
30 сәуір 2025 ж. 31 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (9299)

30 сәуір 2025 ж.

№31 (9298)

29 сәуір 2025 ж.

№30 (9297)

26 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930