Көлік саласы – қай кезде де ел экономикасы мен өндірісінің барлық буынын байланыстыратын аса маңызды сала.
Жолаушылар тасымалы мен оның инфрақұрылымын дамыту бағытында Сыр өңірінде ауқымды жобалар іске асырылып келеді. Облыс әкімінің бастамасымен қолға алынған жолдың жайлылығын, көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жұмыстар жемісін беруде. Бүгінде облыстағы жергілікті маңызы бар автокөлік жолдарының ұзындығы 3418,5 шақырым. Оның 1014,5 шақырымы – республикалық, 555 шақырымы – облыстық, 1849 шақырымы – аудандық маңызы бар автокөлік жолдары.
Мемлекет басшысы өз Жолдауында жол құрылысына, оның ішінде жергілікті жолдардың сапасына баса мән беру, 2025 жылға дейін жергілікті маңызы бар жолдардың жақсы және қанағаттанарлық деңгейдегі индикаторлық көрсеткішін 95 пайызға дейін жеткізуді белгіледі.
Былтыр жол инфрақұрылымын дамытуға республикалық және облыстық бюджеттен 17,6 млрд. теңге қаржы бөлініп, 368 шақырым жол жөнделген. Биылға 36 млрд. теңге бөлініп, 570 шақырым автокөлік жолдары, көшелер және көпір өткелдері жөндеуден өткізілуде.
Сонымен бірге, «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 7,1 млрд. теңге бөлініп, (РБ 4, 3 млрд. теңге, ОБ 2, 8 млрд. теңге) 30,5 шақырым облыстық және аудандық маңызы бар жолдар салынып, қайта жаңғыртылуда. Қызылорда қаласында «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық дәлізімен жанасатын жерде көлік айырығы құрылысы қарқын алды.
«Жалпы сипаттағы трансферттер» бағдарламасы аясында бөлінген 8,3 млрд. теңгеге (РБ 4, 5 млрд. теңге, ОБ 3, 8 млрд. теңге) 197 шақырым облыстық және аудандық маңызы бар жолдар мен 6 көпір күрделі және орташа жөнделуде.«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 4,3 млрд. теңге бөлініп, (РБ-2, 7 млрд. теңге, ОБ-1, 6 млрд. теңге) 9 шақырым болатын Қызылорда қаласының 3 көшесі мен 2 көпірінде жұмыс қарқынды жүруде. (Қызылорда қаласындағы Н.Назарбаев даңғылынан «Қызылорда-Құмкөл» трассасына дейінгі С.Бейбарыс көшесін реконструкциялау, «Байтерек» ықшам ауданында «Қызылжарма» каналы арқылы өтетін көпір салу) «Кіші қалаларды дамыту» бағдарламасы аясында 3,1 млрд. теңге бөлініп, 1 көпір (Арал қаласындағы теміржол көпірі) мен 18 көшеге (Арал және Қазалы қалаларының көшелері) жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша Қызылорда қаласы мен аудандарға барлығы 5,2 млрд. теңге қаржы бөлініп, 178 шақырым көше жөндеуден өткізілуде.Жалпы, аталған жұмыстардың нәтижесінде жыл соңына дейін жергілікті жолдардың жақсы және қанағаттанарлық көрсеткішін 87,5 пайызға жеткізу жоспарланған.
Соның ішінде, Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жағалауындағы басты көше жолының «Батыс Европа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізімен жанасатын жеріндегі көлік айырығы таяу арада аяқталады.
Облыс орталығының Ғ.Мұратбаев және Яссауи көшелерінің қиылысындағы теміржол арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірі биыл басталды.
Сұлтан Бейбарыс көшесін кеңейту, қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Аталған жобаларды жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған.
Осы салада көптен бері шешімін таппай келген өзекті мәселенің бірі – республикалық маңызы бар «Қызылорда – Жезқазған» жолын қайта жаңғырту басталды. (Қызылорда учаскесі 216 шақырым).
Жобаның жалпы құны – 106,6 млрд. теңге. Оны 3 жылда аяқтау көзделген (2022 – 2025 жылдар).
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі