Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ӨМІРГЕ ҚҰШТАР ЖАНДАР

ӨМІРГЕ ҚҰШТАР ЖАНДАР

Сәрсебінің сәтінде Қызылорда облысы «Зағиптар қоғамдық ұйымының» Шиелі ауданындағы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Мерей» мейрамханасында «Төрлет, Әз-Наурыз» атты мерекелік шара өтті.
Жиналған қауымды ұлттық мерекемізбен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жауапты қызметкері Айнаш Сейтжапбарова мен Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Мақсұт Ибрашев құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Тарихқа көз жүгіртсек, тағдыр тауқыметіне мойымай әлемдік дамуға үлесін қосып жүрген тұлғалар жетерлік. Мысалы, «Илиада» мен «Одиссея» эпостарын жазған Гомер, зағиптардың әліппесін құрастырған Луи Брайль, дүниежүзіне есімі әйгілі қоғам белсендісі Джозеф Пулитцер, ерекше таланты арқылы ән әлемінің жұлдызы атанған Андреа Бочелли, ағылшындардың құқық қорғау саласын басқарған Дэвид Бланкетт, асқан шешендігімен, суырылып салма өнерімен танылған қазақ ақыны Шөже Қаржаубайұлы бар. А.Сейтжапбарованың мәліметінше, ауданда 91 адам зағип және көзі нашар көретіндер санатына жатады. Оларға мемлекет тарапынан, заң шеңберінің аясында әртүрлі әлеуметтік көмек көрсетіліп келеді. Өмірге құштар жандар өнер, спорт, бизнес тағы да басқа салаларда елеулі табыстарға жетіп ауданның қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық дамуына атсалысып жүр. Мысалы, Нұрлан Әлімбетов құс шаруашылығымен, Қайрат Сарбалаев автомобиль техникаларын жөндеумен айналысады. Қоғамның Шиелідегі өкілі Бақытгүл Іргебаеваның іскерлігі мен белсенділігін де атап өткеніміз ләзім. Мерекелік шарада концерт, спорттық жарыстар өткізіліп, қонақтар наурыз көже мен басқа да ұлттық тағамдардан ауыз тиді. «Like School» спорт және өнер мектебіндегі Тобажан Рүстемов, Ләззат Оразова, Үрлайым Пірімбетовалардың шәкірттері «Ерке сылқым», «Балбырауын», «Ықылас», «Ақмешіт», «Адай» күйлерін, қазақ, өзбек билерін, арқалы ақындарының өлеңдерін аса бір шеберлікпен орындап, көрермендер қошеметіне бөленді. Сонымен қатар қоғам жұмысына белсене араласып жүрген, арқан тарту мен қол күрес жарыстарында жеңімпаз бен жүлдегер атанған жандарға, демеушілерге аудан әкімінің алғыс хаты мен сыйлықтар табысталды. Мерекелік шараның жоғары деңгейде өтуіне «Рич Маркет» сауда үйі, «Мерей» мейрамханасы, «Like School» спорт және өнер мектебі, Бұдабай Қабылұлы атындағы аудандық мәдениет үйі, «Шиелі» спорт клубы зор үлестерін қосты.

Дария МАҚСҰТ, сурет автордікі
27 сәуір 2025 ж. 36 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (9297)

28 сәуір 2025 ж.

№29 (9296)

22 сәуір 2025 ж.

№28 (9295)

21 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930