ЗАҒИПТАР ДА ЗАМАНҒА БЕЙІМДЕЛЕ АЛАДЫ
Көзі көрмесе де жүрегі сезгіш, қолы іске бейім. Жанарында кінәрат болғанымен, еңбегінде мін жоқ. Бұл – тағдырдың түрлі тауқыметін бастан кешкен зағиптардың тыныс-тіршілігі. Ал қоғамда рухы биік осындай жандарға қандай қолдау көрсетілуде? Зағиптар қазіргі заманға бейімделіп жатыр ма? Биыл «Зағиптар қоғамының 85 жылдығына» орай біз де осы мәселеге ден қойып, «Зағиптар қоғамының» Шиелі ауданы бойынша бастауыш ұйымының өкілі Бақтыгүл Іргебаевамен аз-кем әңгімелестік.
– Бақтыгүл ханым, сонау 1937 жылы іргесі қаланған зағиптар қоғамының тарихына тоқталсақ...
– Қазақ зағиптар қоғамының елімізде 18 филиалы тіркелген. Қазақстан бойынша 22 мыңнан астам зағиптар болса, ауданда 120-дан аса жанарсыз жан бар. Аталған қоғам құрылғаннан кейін әрбір облыста бөлімдер мен филиалдар ашылды. Бұрындары ұйымның өзінің дүркіреген кәсіпорны болатын. Онда тұрмысқа, өнеркәсіпке қажетті көптеген заттар шығарылатын. Мұндай өнеркәсіп біздің ауданда да болған. Ол кәсіпорында жанарсыз жандар жұмыс істеді. Өкінішке қарай, тоқырау кезеңінде жұмыстары тоқтап қалды. Қазір жұмыс істеп тұрған кәсіпорынның шығаратын өнімі бірен-саран. Әлбетте, мұның бір себебі сұранысқа да байланысты.

– Сан ғасырлық тарихы бар бұл қоғамның бүгінгі хәлі қандай?
– Қазіргі таңда біздің зағиптар қоғамы – заманауи. Қоғамдық қызметтерге тартылған. Қала берді мәдени іс-шараларға сонымен бірге көркем өлең, қолөнер, әдеби шараларда да бой көрсетіп жүр. Бір сөзбен айтқанда, зағиптар да заманға бейімделе алады.

– Жанары көрмесе де жүрегі көретін жандардың өмірге деген құштарлығын, белсенділігін сөз етсек...
– Көз жанары көрмейтін жандардың жүрегімен көретіні рас. Біздің көзіміз көрмесе де, құлағымыз естіп, иіс пен саусақтармен сезу мүшелеріміз жақсы дамыған. Мәселен, өзімді алсам 2 ұлыммен барынша мағыналы өмір сүруге тырысып жатырмын. Мен үйде қолымнан келгенше балаларыма дәмді тамақ әзірлеп, бос уақытты барынша пайдалы өткізуге тырысамын. Осының өзі көзіміз көрмесе де, өмірге құштар екенімізді аңғартады деп ойлаймын. Қиындықты жеңе білу екінің бірінің қолынан келе бермейді. Зағип жандарды кемтарлығына қарап сырт көз сынағанымен, рухани күші мол жандар он екі мүшесі түгел азаматтардан артық қызмет атқарып жүр.

– Көру мүмкіндігі шектелген жандарға ауданда қандай жеңілдіктер мен мүмкіндіктер жасалған?
– Біздің ауданда зағип жандарға жағдай жасалып жатыр деуге негіз бар. Тиісінше қоғамдық қызметке тартылып жатыр. Жергілікті бюджет есебінен зағиптерге қажетті құралдар, шипажайлық-курорттық емделуге жолдамалар беріледі. Бірақ жасыратыны жоқ, көру қабілеті нашар адамдарға жүріп-тұруына толықтай жағдай жасалған деп айта алмаймын. Зағип жандар қоғамдық орындарда түрлі кедергілерге тап болып жатады. Көптеген мекемелерде арнайы сары түсті белгілер жоқ, едендер бір түсті, қолайсыз. Көзі нашар көретіндер үшін бұл қиындық туғызады. Мен 3 жылдан бері өтініш айтып келемін. Қолдан келгенше зағиптар еркін тұрып жүре алатын жағдайлар әсіресе жолдар мен дыбысты бағдаршамдар болса екен деймін. Таяқпен жүруге ыңғайлы етіп жасалған жаяу жүргіншілер жолы салынса деген ұсыныс тағы бар.

Мүмкіндігі шектеулі жандарға, егде жастағы адамдарға «Көшпелі кітапхана» жүйелі түрде жұмыс істейді. Жоғарыда айтып өткенімдей, ауданда 120-дан астам зағип және көзі нашар көретін жандарға кітапхана басшысы Гүлдана Жақыпова аудандық бюджеттен 3 млн 100 мың теңгелік проекттік жобаны қорғап, 2020 жылы аудандық орталық кітапхананың жанынан «Жанарсызда жарық әлем» клубын ашқан болатын. Онда зағип жандардың саусағына жанар сыйлаған Луи Брайльдің алфавиті, Брайль қарпімен жазуға арналған машинка, әдеби кітаптар мен арнайы технологиялар, электронды стацинарлық үлкейткіш, Перкинс Смарт механикалық жазба машинкасы, арнайы дыбыс магнитоласы бар.
– Биыл «Зағиптар қоғамына – 85 жыл» толды. Осындай мерейлі датада қандай игі шаралар ұйымдастырылды?
– Биыл шілденің 22-сі күні аудандық Б.Қабылұлы атындағы мәдениет үйінде 85 жылдық кең көлемде аталып өтті. Облыс пен басқа аудандардан қонақтар мен жанарсыз жандар келіп қатысты. Аудандағы республикалық «Ел құрметі» қорының төрайымы Маржан Сәдуақасованың көмегімен төсбелгілер табыс еттік. Жуырда ғана 17-ші қараша күні «Айкенже» мейрамханасында «Өлі разы болмай, тірі байымас» атты ас өткіздік. Көптеген еріктілер келіп қатысты. Қоса кеткен жөн, жанарсыз жандар арасында шашка мен тоғызқұмалақтан турнирлер ұйымдастырылды.

– Сұқбатыңызға рақмет!
P.S.: Жалпы зағип жандарды әлі де болса өмірге икемдеп, қамқорлық көрсету қажет. Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде барлық мемлекеттік органдар мен жергілікті мекемелер олармен жұмысын әлі де күшейткен жөн. Зағиптарды жұмыспен қамту және оларды әлеуметтік бейімделуге көмектесетін бағдарламаларға міндетті қатысуын қамтамасыз еткен абзал.
Сұқбаттасқан
Сұлушаш БАХТИЯРҚЫЗЫ
Сұқбаттасқан
Сұлушаш БАХТИЯРҚЫЗЫ