Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жанарсыз да жігерлі жандармыз

Жанарсыз да жігерлі жандармыз

Соқырлықтың алдын алу жөніндегі халықаралық агенттіктің мәліметінше, бүгінгі таңда дүние жүзінде 284 млн адамның көру қабілеті нашарлаған. Оның ішінде 39 млн-нан аса адам мүлдем көрмейді. 19 млн бала түрлі көз ауруына шалдыққан. Ал Қазақстанда 86 мың зағип адам бар. Оның ішінде нашар көретін балалар 7 934 болса, 320 бала мүлдем көрмейді. Аудан көлемінде 100-ге тарта жанарсыз жандар тіркелген.
Иә, зағип жандарға жағдай жасау тек пантус салып берумен яки көше қиылысына сөйлейтін бағдаршам орнатумен шешілмейді. Көзі көрмейтін адамдардың көпшілігінің жанарында жарық болмағанымен, айналасын тереңірек сезінетін, ең нәзік дыбыстың өзіне елітетін ерекше қасиеті бары әмбеге аян. Сол үшін оларға жігер сыйлау мақсатында күніне болмаса да, аптасына бір көңілді мерекелік шара ұйымдастыру артық етпейді.
Биыл қазақ зағиптар қоғамына – 85 жыл. Жұма күні айтулы күнге орай аталған қоғамдық бірлестіктің ұйымдастыруымен аудандық Бұдабай Қабылұлы атындағы мәдениет үйінде мерекелік шара өтті.Онда осы қоғамның бірқатар мүшелері марапатталды.
Қазақ соқырлар қоғамының іргетасын сонау 1966 жылы Дербісәлі Көздібаев қалаған. Күні бүгінге дейінгі аралықта аталған ұйымды Сайлау Ақшолақов, Қалдыгүл Кәрібаева, Шаһзада Қасымов, Асқар Қолдабеков, Эльмира Үсенова тәрізді білікті басшылар басқарды. Мерекелік жиында облыстан, Арал ауданынан ат терлетіп келген төрағалар қоғамның кешесі мен бүгініне тоқталып, тарихқа көз жүгіртті. Сонан соң аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Ағыбай Төлегенов пенреспубликалық «Ел құрметі» қоғамдық қорының жетекшісі Маржан Сәдуақасова сөз сөйлеп, құрмет грамоталарын табыс етті. Сонымен қатар арнайы алғыс хаттар мен ұлттық нақыштағы шапан мен камзол берілді. Жас та болса, бас болып осындай игі шараны ұйымдастырған Бақтыгүл Іргебаева да келген жандарға алғаусыз алғысын жеткізіп, арнайы өлең оқыды. Жиын соңы мерекелік бағдарламаға ұласты.
Жанарының сәулесі көмескі тартса да, қара түнек ішінен таяғымен жол тауып, әр күнінен мән іздеп, өлшеулі өмірін мағынамен жалғап жүрген зағип жандардың мәселесі қашанда өзекті. Олар ұдайы қамқорлық пен қолдауға, мейірім мен махаббатқа шөлдеп тұрады.

Сұлушаш МАДИЯРОВА
25 шілде 2022 ж. 450 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9261)

06 желтоқсан 2024 ж.

№96 (9260)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

01 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031