Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Балалық – балдәурен

Балалық – балдәурен

Әлемдегі ең құнды байлықтың бірі – баланың жарқын күлкісі мен көңілді көздері. Ал, олардың қуанышына ата-әже, әке-шеше куә болса, бір ғанибет емес пе? Сондықтан, дүние есігін ашқан әр сәби ата-ананың аялы алақанын сезініп, бақытты балалық шақты бастан өткеруге лайық. Бала деген бір бақыт демекші, 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, аудандық Б.Қабылұлы атындағы мәдениет үйінде аудан әкімі Қ.Мүбараковтың қатысуымен мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Балалық – балдәурен» атты мерекелік кеш өтті.

Өздеріне арналған мереке екенін сезінген балалар мәз-мейрам. «Жас дәурен» би тобының көңілді биімен басталған кеш бүлдіршіндерді шат-шадыман етті. Онан соң аудан әкімі Қ.Мүбараков сөз алып: «Сіздер, Тәуелсіз Қазақстанмен бірге өсіп келесіздер. Еліміздің болашағы сендердің қолдарыңда, мемлекетімізді басқаратын да, елімізді Мәңгілік Елге айналдыратын да сендер боласыңдар. Сол үшін ұлттық тәлім-тәрбие алып, зейіндеріңізді ашып, білім алуға құштар болу керек. Құрметті қауым! Балаларды және олардың ата-аналарын жаздың бірінші күні тойланатын жайдары мерекемен құттықтай отырып, балдырғандарымыздың жүздерінен күлкі кетпей, өмірлері жайма шуақ жаз күніндей әркез бақытты болсын», – деп ізгі тілегін білдірді.
Жалпы, 2020-2021 оқу жылында 161 мүмкіндігі шектеулі бала үйден оқып, қажетті оқу құрал жабдықтарын алуға 3,5 млн теңге көмек көрсетілген, 135 мүмкіндігі шектеулі балаға 32 әлеуметтік қызметкер үйден қызмет көрсеткен. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі екі студентке планшет, шараға келген барлық балаларға сыйлық және балмұздақ сыйлады. Мерекелік шара бүлдіршіндерге арналған түрлі би, әсем-әуендермен жалғасты.
Ақбота Баянбай
05 маусым 2021 ж. 1 025 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9437)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (9436).

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (9435)

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930