ЕЛДІ МЕКЕН ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ТАЗА АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛУ БАРЫСЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛІП, ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖАСАЛДЫ

Мониторинг топ мүшелері елді мекен тұрғындарының өтініштерін тыңдай келе, осы уақытқа дейін ішіп отырған судың құрамына сынама жасалмағанын айтып, нысанға жауапты аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының м.а. Ж. Данабековке «Ұлттық сараптама орталығы» Қызылорда облыстық филиалының Шиелі аудандық бөлімшесіне Қосүйеңкі елді мекеннің ауыз суына тиісті стандарттарға сәйкес сынама жасауына 1 күн ішінде ұсыныс әзірлеп, нәтижесі жөнінде тиісті мерзімде хабарлау тапсырылды.
Мониторинг құрамында «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Б.Сыздық, Партиялық бақылау комиссия төрағасы Н.Мырзабеков, аудандық мәслихат депутаты Қ.Қасымов, аудандық мәслихат депутаты Б.Сүлейменов, Партиялық бақылау комиссия мүшелері Ғ.Есімов, А.Қали, Б.Өтебай, нысанға жауапты аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының м.а. Ж.Данабеков, Еңбекші ауылдық округ әкімінің м.а. Е.Мейірбекұлы, аудандық «Өскен өңір» газетінің тілшісі М.Ибрагимов және елді мекен тұрғындары қатысты.
Айта кету керек: Еңбекші ауылдық округі, Қосүйеңкі елді мекеніне сумен қамту жүйелерінің және бас су қоймасының құрылысына 2023 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан бөлінетін нысаналы трансферт есебінен 190,1 млн теңге, облыстық бюджеттен 20,1 млн теңге қаржы қаралды.
Бас мердігер «Дәнекер» ЖШС-гі, Авторлық қадағалаушы - «MS Engineering Construction» ЖШС-гі. Техникалық қадағалаушы - «ARTERIA» ЖШС-гі.
Жоба бойынша су қорасын, 15 тонналық су мұнарасын, 2 ұңғыма қазып, елді мекен ішіне 5,413 км ауыз су желісін жүргізді.
Құрылыс жұмыстары толық аяқталып, 24 қараша 2023 жылы пайдалануға берілді.