ТАТУЛЫҚ ТҰҒЫРЫ – ТӘРТІП

Қоғамның іргесін шайқалтпай ұстап тұратын үш тірек бар: құқықтық сауаттылық, қоғамдық тәртіп және рухани тұтастық. Осы үш бағыт аталған басқосуда басты әңгіме арқауына айналды. Іс-шараға аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы мен өкілдері, аудан аумағындағы этномәдени бірлестік мүшелері, белсенді жастар мен ардагерлер қатысты. Шара аясында құқық бұзушылықтың алдын алу, діни радикализм мен экстремизмнің алдын алу жолдары, жас ұрпақ тәрбиесі, ұлттық болмыс пен дәстүрдің сақталуы жөнінде келелі ойлар ортаға салынды. Әсіресе, жастардың құқықтық сауатын арттыру, оларға дұрыс бағыт-бағдар беру мәселесі кеңінен қозғалды. Кездесу ашық пікір алмасу, еркін диалог форматында өрбіді. Әрбір қатысушы өз ойын бүкпесіз білдіріп, көкейдегі сауалдарын қойды. Прокуратура өкілдері тарапынан нақты фактілерге сүйене отырып, заң аясында жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұл – халық пен құқық қорғау органдары арасындағы сенім көпірін нығайтудың жарқын көрінісі.
С.БАХТИЯРҚЫЗЫ