Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЕҢ ЖОҒАРҒЫ МАРАПАТ – АДАМДАРДЫҢ АЛҒЫСЫ

ЕҢ ЖОҒАРҒЫ МАРАПАТ – АДАМДАРДЫҢ АЛҒЫСЫ

Аудандық көп бейінді орталық ауруханасында өз ісіне адал, кәсіби деңгейі жоғары, халықтың алғысына бөленіп жүрген мамандар жетерлік. Соның бірі – Рашид Парманқұлов. Ол Ортақшыл ауылында көпбалалы отбасында дүниеге келген. Әкесі – Райымбек «Сырдария» совхозының фермасын басқарған, ал анасы Әлила үй шаруашылығын жүргізіп, балаларды тәрбиелеген. Мектепті бітірген соң Рашид отбасына көмектесу үшін жоғары оқу орнына түспей, совхозға жұмысшы болып орналасады. Кейін әскер қатарында Волгодонск қаласында қызмет етеді. Туған ауылына оралған соң мамандық таңдау жайлы ойлана бастайды. Рашидтің үлкен ағасы Ғабит Парманқұлов – ауданның тәжірибелі тіс дәрігерлерінің бірі. Ол Рашидке фельдшер мамандығын таңдауды ұсынады. «Сен өз жолыңды таңдауға толық қақың бар, бірақ дүниедегі ең қайырымды іс - адамдарға көмек көрсету, оларға үміт сыйлап, ауырсынуды жеңілдету. Мінезің жақсы, сенен жақсы медициналық қызметкер шығады» дейді ағасы. Бұл сөздер Рашид үшін мамандық таңдауда шешуші рөл атқарды. Көп ойланбай, Р.Райымбекұлы Қызылорда медициналық училищесінің фельдшерлік бөліміне құжаттарын тапсырады. Оқу орнын бітірген соң, ол туған ауылына келіп, шалғай жайылымдар мен дала қостарында шопандар мен диқандарға медициналық көмек көрсететін фельдшер болып жұмыс істейді. Осы кезеңде ол үлкен тәжірибе жинақтады. Рашидтің арман-мұраты – медициналық институтқа түсіп, дәрігер болу еді, бірақ әртүрлі себептермен, бұл мақсатына қол жеткізе алмады. Алайда ол үшін аса алаңдамайды. Фельдшер болып жұмыс істей жүріп те, мыңдаған ауыл тұрғындарының денсаулығын жақсартуға көмектесті. Қазіргі уақытта Р.Парманқұлов аудандық көп бейінді орталық ауруханасында фельдшер болып жұмыс істейді. Атап айтсақ, «РУ-6» ЖШС «Карамұрұн» кенішінде уран өндірушілерге медициналық қызмет көрсетеді. Мұнда жұмыскерлер дала жағдайында еңбек ететінін ескерсек, олардың жұмыс орындарына барып денсаулығын жиі-жиі тексеріп тұрады. Сонымен қатар, әр күні кезекшілікке дейінгі тексерулер мен жоспарлы медициналық тексерулер жүргізіледі. Рашидтің ең жақсы қасиеттерінің бірі – қарапайымдылық. Ол өзінің мамандығы бойынша түрлі байқауларда бірнеше рет жеңіске жетіп, грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталғанымен, бұл туралы көп айтқанды ұнатпайды. «Ең жақсы марапат – біз көрсеткен медициналық көмекке айтылған алғыс», – дейді кейіпкеріміз. Р.Парманқұлов – үлгілі отбасының басшысы. Жұбайы Сабирамен бірге бес баланы тәрбиелеп отыр. Ол кісі теміржол мекемесінде химик-лаборант болып жұмыс істеген. Қазір құрметті демалыста. Бос уақытында Рашид бау-бақша өсірумен айналысқанды ұнатады. Ауласында түрлі сорттағы жүзімдер өсіріп, қаламша мен жемістерімен көршіқолаң, дос жарандармен бөлісіп отырады.

Дария МАҚСҰТ,
сурет автордікі
11 сәуір 2025 ж. 88 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (9292)

08 сәуір 2025 ж.

№24 (9291)

07 сәуір 2025 ж.

№23 (9290)

01 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930