Білікті дәрігер, білгір хирург
Қай заманда болсын өзіне міндеттелген талаптардың маңыздылығына сай, дәрігер мамандығы – басқа мамандықтарға қарағанда ең қиын және ең ізгілікті мамандық болып саналады. Себебі, аталған мамандық иесінің ең негізгі міндеті адам өмірін құтқару болып табылады. Ауырған адамдардан өз жүрегіне ұялаған дәрігердің ең жақсы қаиеттерін сұрағанда олар: жылы сөзін, адамдарды топқа бөлмей бәріне бірдей қарайтын қарапайымдылығын, жауапкершілігін айта бастайды. Осы қасиеттер бойынан табылатын білікті дәрігерлердің бірі – Сәулет Рашбаев.
Ол 1952 жылы 25 мамырда Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, 1 Май ауылында дүниеге келген. 1958 жылы орта мектептің табалдырығын аттап, 1969 жылы мектепті тәмамдағаннан кейін, сол жылы Отан алдындағы борышын өтеуге аттанады. Өзінің азаматтық борышын өтеп келген соң, Ақтөбе мемлекеттік медицина институтына түсіп, 1980 жылы тәмамдағаннан кейін.1980-1981 жылдары Қызылорда облыстық ауруханасында интернатурадан өтіп, еңбек жолын 1981-1985 жылдары Шиелі аудандық орталық ауруханасында дәрігер-хирург ретінде бастайды. 1985 жылы Ақтөбе мемлекеттік медициналық институтының хирург мамандығы бойынша клиникалық ординатурасына түсіп, 1987 жылы оны бітіріп шығады.1987-1989 жылдары аудандық орталық ауруханасының хирург ординатуры болып жұмыс істейді. 1989-2011 жылдары 22 жыл қатарынан аудандық орталық аурухананың хирургия бөлім меңгерушісі қызметін атқарады. Ол жауапкершілік жүгі салмағының қаншалықты жоғары екенін жүрегімен сезініп, уақытпен, күн-түн деп санасып жатпай, денсаулығы сыр берген жанның қасынан табылды. Құрақ ұшып, әр науқасты назардан тыс қалдырмайтын білікті дәрігерге тұрғындар да дән риза болды. Кейіннен 2011-2016 жылы хирург ординатор болып жұмыс істесе, 2016-2021 жылдар аралығында аудандық аурухананың дәрігер сарапшысы қызметін атқарды.Бүгінде Сәулет ағамыз дәрігер мамандығын шексіз сүйетіндігінен бе, әйтеуір жетпістің желкенін керсе де науқастарға ем-дом жасап, аяқтан тұрып кетулері үшін аянбай тер төгуде. Әріптестері, бірге оқыған курстастары арасындағы өзіндік абырой, беделі жыл өткен сайын беки түспесе еш кеміген емес. Елге еткен еңбегі де елеусіз қалмай,2000 және 2009 жылдары аудан әкімінің Құрмет грамотасымен, 2004 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамотасымен, 2015 жылы «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медальімен және 2020 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Еңбек ардагері» медальімен марапатталған.

Өнегелі қарапайым отбасында бала жастан еңбексүйгіштік қасиетті бойына жинап өскен ағамыз ел игілігі жолында жұмыс жасап жүр. Жары Раиса Рашбаева да – медицина саласының қызметкері. Бұл күнде дәрігерлер отбасы 3 қыз тәрбиелеп өсірді. Бәрі де өмірде өз жолдарын тапқан. Бір қызығы үш қызы да әке жолын жалғап, дәрігерлік жолды таңдады. Үлкен қызы Асел Рашбаева Шиелі ауданаралық ауруханасында дәрігер-офтальмолог, екінші қызы Гүлжайна Рашбаева Астана қаласындағы кардиохирургия «FO» кардиохирург-аритмолог, кіші қызы Ұлбосын Рашбаева Ақтау қаласында «Нейрон» клиникасында гастроэнтеролог болып жұмыс істейді.
Бүкіл саналы ғұмырын медицина саласына арнаған Сәулет Рашбаев адал еңбегімен абырой тұғырына көтеріліп, өз міндетіне жауапкершілікпен қараған алтын қолды дәрігер. 70 жасқа жетіп, саналы ғұмырын тек адам денсаулығын сақтау саласына арнап, оның ішінде хирург деген атына дақ түсірмей келе жатқан дәрігер. Өмір мен өлімнің арпалысқан тұсында адамдарды арашалап жүрген жанға қандай құрмет айтылса да лайықты.Өз ісіне шын берілген маман әлі де саладан қол үзбей, зейнетке шықса да, аудандық орталық ауруханасының хирургі ретінде адал қызмет етіп келеді.
Шапағат Тілеубаев