Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЕҢБЕКШІ АУЫЛЫНДА ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ ТОЙЛАНДЫ

ЕҢБЕКШІ АУЫЛЫНДА ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ ТОЙЛАНДЫ

Жақында тау бөктеріндегі Еңбекші ауылында ұлан - асыр той болып, халық Наурыз мерекесін атап өтті.  Ақшаңқан киіз үйлер тігіліп, аталар бата беріп, әжелер ән салып, жігіттер күресіп, келіндер иіліп сәлем беріп, қыздар би билеп, балалар шулап, жастар Алтыбақанда тербеліп, қолөнер бұйымдарының көрмесі шараға көрік берді. Мерекелік шараға Шиелі ауданының әкімі Айтбай Жандарбеков, туған жердің түлектері ҚР Сенат депутаты, Шиелі ауданының Құрметті азаматы Нұртөре Жүсіп, Шиелі ауданының Құрметті азаматы Есіркеп Шәдібеков, ардагер Сейдомар Ермекбаев, алтын қолды дәрігер Төрехан Бектегенов, аудандық мәслихат депутаттары, қоғамдық ұйым жетекшілері халықтың қуанышына ортақтасты. Аудан әкімі Айтбай Насриддинұлының құттықтауынан кейін сахнада танымал әнші Кеңес Әлімжан мен сазгер, әнші Әл-Фараби Бекарысұлы ән шырқап, елдің ықыласына бөленді. Қазақтың ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылып, тұлымшағы желбіреген кішкене бүлдіршіннің тұсауы кесілді. Сахналық қойылымдар ауыл тойының ажарын ашты. Біршама еңбек адамдары аймақ басшысы мен аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Ауыл - елдің бесігі, ұлттың ұясы. Ауылда жасалған жұмыстарды саралап өткен ауыл әкімі Елдос Жүсіп алдағы уақытқа жоспарланған шараларды, ауыл жастары мен түлектерінің жасампаз жобаларын тілге тиек етті. Еңкиген қариядан еңбектеген балаға дейінгі адамдары еңбекпен егіз Еңбекші ауылының болашағы жарқын боларына сенім зор.


07 сәуір 2025 ж. 82 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (9291)

07 сәуір 2025 ж.

№23 (9290)

01 сәуір 2025 ж.

№22 (9289)

31 наурыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930