Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМДАРЫ БАСҚОСТЫ

БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМДАРЫ БАСҚОСТЫ

Бейсенбіде аудан әкімдігінің мәжіліс залында «AMANAT» партиясының аудандық филиалы бастауыш партия ұйымдарымен бірлескен аппараттық жиналыс өтті. Жиынға партияның аудандық филиалының атқарушы хатшысы Ж.Баймұратова, Шиелі ауданының құрметті азаматы әрі партия ардагері П.Маханбет, филиал қызметкерлері және бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен хатшылары, БАҚ өкілдері қатысты. Күн тәртібінде үш негізгі мәселе қаралды. Бірінші мәселе ретінде «Мейірім» және «Көкшоқы» бастауыш партия ұйымы төрағаларының жылдық есептері тыңдалды. Екінші мәселеде бастауыш партия ұйымдарының кабинеттерін зерделеу жұмыстарының қорытындылары талқыланды. Ал үшінші мәселеде «Үздік бастауыш партия ұйымы» байқауының қатысушылары мен жеңімпаздарының жұмысы сарапталды. Жиында филиалдың атқарушы хатшысы Жібек Орынбайқызы аудандағы 24 бастауыш партия ұйымының жұмысы тұрақты түрде реттеліп келе жатқанын атап өтті.
Бірақ әлеуметтік желілердегі парақшаларды белсенді жүргізу, ұйымның жарна түсімін арттыру және партияға жаңа мүшелер қабылдау мәселелері маңызды екеніне ерекше тоқталды. Қорытындылай келе, бастауыш партия ұйымы төрағалары мен хатшыларының ұсынысымен алдағы есеп беру жиналыстары көшпелі түрде өткізілуі жөнінде шешім қабылданды. Бұл шешім партия ұйымдарының жұмысын әр ауыл мен елді мекенде жан-жақты зерделеуге мүмкіндік береді. Басқосуда айтылған пікірлер мен ұсыныстар аудандық партия филиалының жұмысына жаңа серпін беріп, оның тиімділігін арттыруға ықпал ететіні сөзсіз. «AMANAT» партиясының бастауыш ұйымдары аудан тұрғындарымен тығыз байланыс орнатып, партияның мақсаттары мен міндеттерін халық арасында кеңінен насихаттай отырып, қоғамдық-саяси өмірде маңызды рөл атқаруда. ПАРТИЯ ҚАТАРЫ ЖАҢА МҮШЕЛЕРМЕН ТОЛЫҚТЫ Келелі жиынның соңында халық пен билік арасында алтын көпірге айналған «AMANAT» партиясы «Партия күні» және «Алғыс айту күні» мерекелерін де ұмыт қалдырмады. Мереке аясында филиалдың атқарушы хатшысы Жібек Баймұратова партия мүшелерін «Алғыс айту» күнімен құттықтап, олардың партия алдындағы адалдығы мен еңбегін жоғары бағалап, шынайы алғысын білдірді. Бұл күні партия қатары жаңа мүшелермен толығып, ал олар партия билеті мен төсбелгісін салтанатты түрде қабылдап, үлкен жауапкершілікті арқалайтындарын сезінді. Қоса кеткен жөн, «AMANAT» партиясының жұмысына белсене атсалысып, қоғамдық өмірде белсенділік танытқан бірқатар бастауыш партия ұйымының төрағалары мен партия белсенділері алғыс хаттармен марапатталды. Бұл марапаттар – партияның әр мүшесінің қоғамға қосқан үлесін жоғары бағалаудың белгісі болып табылады. «AMANAT» партиясының бұл мерекелік шарасы партияның ішкі бірлігін арттырып, алдағы уақытта да қоғамдық жұмыстардағы белсенділікті нығайта түсуге үлкен ықпал ететіні сөзсіз.

С.МАДИЯРОВА
02 наурыз 2025 ж. 61 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№18 (9285)

08 наурыз 2025 ж.

№17 (9284)

04 наурыз 2025 ж.

№16 (9283)

01 наурыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31