Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АЛҒЫС АЙТУ – ПАРЫЗЫМ

АЛҒЫС АЙТУ – ПАРЫЗЫМ

Алғыс айтудың өзіндік мәні мен мазмұны бар. Рақмет деген бірауыз сөздің өзі жүректен жүрекке жетеді. Алғыс айту күніне орай Еңбекшідегі «Әділжан» балабақша яслиінде арнайы шара өтті. Бұл күн балабақшадағы «Балапан» тобы үшін нағыз ғажайыпқа айналды. Тәрбиеші Шұғыла Қосжанова балаларға тек «рақмет» сөзінің ғана емес, оның артындағы шынайы сезімнің қаншалықты маңызды екенін түсіндіріп, әр баланың жүрегіне мейірім мен ізгілік ұялатты. Тап осы күні балалар бірбіріне жылы сөздер айтып, алғыс білдірудің терең мәнін толықтай сезінді. Шұғыла Асылханқызының жетекшілігімен өткен ерекше шарада әрбір бүлдіршіннің жүзінде қуаныш, көкірегінде қамқорлық пен сүйіспеншілік сәулесі жарқырады. Иә, балалық шақ – бақыт пен шаттықтың шыңына жететін кезең. «Әділжан» балабақша яслиінде 80-ге жуық баланың жүрегі сол бақытты сәттерді сезініп, мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылып, болашаққа алғашқы қадамдарын нықтап жатыр. Бұл балабақша әрбір баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына, өз мүмкіндіктерін ашуына, әрі өзіне деген сенімділігін арттыруға зор үлес қосып келеді.

«Өскен өңір» ақпарат
02 наурыз 2025 ж. 154 0

Қоғам

ҚАРЫЗҒА БАЙЛАНҒАН ҚОҒАМ

08 желтоқсан 2025 ж.

ЖӨЛЕКТІҢ ЖАҢАРҒАН КЕЛБЕТІ

08 желтоқсан 2025 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9360)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (9359)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (9358)

01 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031