ТӘРБИЕ – ТӘРТІПТІҢ ТЕТІГІ

Ауылдың мәдениет үйіне тұрғындар, ата-аналар, мектеп директоры, мұғалімдер, әйелдер мен ардагерлер кеңесінің өкілдері, жастар жиналды. Шара барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өркен Исмаил, ауданның бас имамы Рахат Қожанов, ҚХП Шиелі аудандық өкілдігінің төрағасы Әбдімомын Алдияров, жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің инспекторы, полиция майоры Абай Мадиев сөз сөйлеп, тәрбие, құқық бұзушылықты алдын алу және қоғамдық келісімді сақтау мәселелері бойынша өз ойларын ортаға салды.
Шараны ардагерлер кеңесінің төрағасы Өркен Әзімханұлы жүргізіп, басты мәселе ретінде бала тәрбиесі талқыланды. Жиында оқушылар арасында орын алған заңсыздықтар мен қайғылы оқиғалар назарға алынды, ең үлкен мәселе ата-аналардың жауапсыздығы болды. Сондай-ақ, ысырапшылдық мәселесі көтеріліп, мұсылман жамағатының әр мүшесі ысырапқа жол бермеуі қажет екені айтылды. Құдайы ас, жаназа және ораза дастарханындағы ысырапшылдыққа қатысты пәтуаның мәні жоқтығы сынға алынды. Қатысушылар әрбір қоғам мүшесінің өз жауапкершілігін терең сезінуі және балаларға дұрыс тәрбие беруі қажеттігін атап өтті. Ұлы Абайша айтқанда, алғашқы тәрбие өзімізден басталуы керек. Себебі тәрбие – тәртіптің тетігі.
«Өскен өңір» ақпарат