Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ШИЕЛІ АУДАНЫНДАҒЫ БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕҢЕЙТІЛГЕН МӘЖІЛІС ӨТТІ

ШИЕЛІ АУДАНЫНДАҒЫ БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕҢЕЙТІЛГЕН МӘЖІЛІС ӨТТІ

Таяуда Шиелі аудандық мәдениет үйінде облыс әкімінің бірінші орынбасары Жаналинов Данияр Еренғалиұлы мен басқарма басшысы Есжанов Асқарбек Темірбекұлының қатысуымен ауданның білім саласындағы өзекті мәселелері бойынша аудандық мәслихат төрағасы, құқық қорғау органдары мен дербес бөлім басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері, мектеп директорлары мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, ата-аналар кеңесі, ардагерлер мен қоғамдық кеңестің төрағалары, әйелдер кеңесінің төрайымдары, ауыл имамдарының қатысуымен кеңейтілген мәжіліс болып өтті.
Мәжілісте кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және тәрбие бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың жай-күйі талқыланды.
2024 жылдың 29 қаңтарда және 22 мамырда облыс әкімі Нәлібаев Нұрлыбек Машбекұлының төрағалығымен жалпы орта білім беретін мектеп директорлары мен ата-аналар комитеті төрағаларының қатысуымен кеңейтілген мәжіліс өткізілген болатын. Мәжіліс тапсырмалары бойынша жұмысшы топ құрамы жасақталып, балалар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, балалар мен жасөспірімдердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін сақтау бағытында түсіндіру жұмыстары барлық білім беру ұйымдарында жүргізіліп, тиісті тапсырмалар негізінде атқарылып жатқан жұмыстар сараланды.
Білім беру ұйымдарындағы құқықбұзушылықтың профилактикасы туралы аудандық полиция бөлімі басшысының міндетін атқарушы, полиция подполковнигі Жүсіпбек Әлібек Әділбекұлы баяндаса, аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ақпанбетов Марат Асанханұлы аудандағы білім саласында тәрбиелік мақсатта атқарылып жатқан жұмыстар жайында баяндады.
Басқарма басшысы Есжанов Асқарбек Темірбекұлы білім сапасын арттыруда, балаларға жайлы және қауіпсіз орта қалыптастыруда атқарылып жатқан жұмыстарды атап айтып, ұлттық құндылықтарды, салт-дәстүрді кеңінен насихаттаудың рөлін ерекше атап өтіп, басқармаға қарасты мектептер мен колледждерде «Аналар академиясының», «Әкелер кеңесінің», ата-аналар комитетінің жұмысын жандандыруды қолға алуды жүктеді.
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Жаналинов Данияр Еренғалиұлы өз сөзінде аудан орын алған мұндай келеңсіз жайттарды енді қайталанбайтындай жұмыс жасауға, бүгінгі жиында көтерілген мәселелер бойынша тиісті сала басшыларымен жұмыс жасауды тапсырды.
27 мамыр 2024 ж. 108 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9234)

03 қыркүйек 2024 ж.

№69 (9233)

30 тамыз 2024 ж.

№68 (9232)

27 тамыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30