Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ТӘРТІПСІЗ ЕЛ БОЛМАЙДЫ, ТӘРТІПКЕ БАҒЫНҒАН ҚҰЛ БОЛМАЙДЫ

ТӘРТІПСІЗ ЕЛ БОЛМАЙДЫ, ТӘРТІПКЕ БАҒЫНҒАН ҚҰЛ БОЛМАЙДЫ

Таяуда 264 мектеп-лицейінің базасында басқарма басшысы Есжанов Асқарбек Темірбекұлының төрағалығымен Қызылорда қаласының білім беру ұйымдарының басшылары мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының кеңейтілген отырысы өтті.
Отырыстың күн тәртібінде балалар арасында құқық бұзушылықтың, қылмыстың алдын алуға бағытталған жұмыстар жөнінде қаралды. Отырысты басқарма басшысы Есжанов Асқарбек Темірбекұлы жүргізді. Қызылорда облыстық полиция департаментінің басшысының орынбасары Ілия Жұмағұлов пен қала әкімінің орынбасары Дархан Тұрсынбаев қатысты.
Басқарма басшысы Асқарбек Темірбекұлы 2024 жылдың 4 ай қорытындысымен Қызылорда қаласындағы бірқатар құқық бұзушылық пен қылмыстық көрсеткіштерге тоқталып, түнгі шектеулі уақыттағы балалардың заңды өкілінсіз жүруі, тыйым салынған заттарды өздерімен алып жүруі тыйылмай тұрғандығын, мектеп, колледж тарапынан ата-аналармен жасалып жатқан жұмыстарды әлі де күшейту керектігін атап айтты.
Мұнан соң ағымдағы жылғы қаладағы кәмелет жасына толмағандардың қатысуымен орын алған құқық бұзушылықтар мен қылмыстық деректер бойынша полиция басқармасымен бірлесіп атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде Сәдуақасова Жанат Мылтықбайқызы баяндама жасады.
Әріптестер, бала қауіпсіздігі басты назарда болуы керек. Мен бұған дейін болған жиналыстарда білім беру мекемелерінде оқуға келген әр бала жіті тексерілуі керек дегенмін. Оған мүмкіндіктер жасалынған. Барлық мектепте арнайы турникеттер, темір іздегіштер, скуд жүйе, мамандандырылған күзет қызметі қойылды. Тек, жүйелі жұмыс жасауда салғырттық танытып отырғандар бар. Бұлай бола беретін болса, біздің тарапымыздан нақты шешімдер қабылданатынын ескертемін,- Асқарбек Темірбекұлы.
Мұнан бөлек күн тәртібіндегі мәселеге қатысты облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Ілияс Байжұманұлы Жұмағұлов баяндама жасады.
Мәжіліс төрағасы «Соңғы қоңырау» іс-шарасы кең көлемде емес, тек мектеп қабырғасында 11-сынып оқушылары мен сынып жетекшілерінің қатысуымен сынып сағаты ретінде ұйымдастырылуын, сонымен қатар аттестат тапсыру салтанатты іс-шарасы облыста бір мезетте ағымдағы жылдың 14 маусым күні өткізілуін, онда бала қауіпсіздігінің қатаң сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Қызылорда облысының білім басқармасының баспасөз қызметі
16 мамыр 2024 ж. 108 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930