БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА ОТЫРЫСЫ: ЖЕТІСТІКТЕР МЕН АЛДАҒЫ МЕЖЕЛЕР
Басқарма басшысы Есжанов Асқарбек Темірбекұлы, қалалық, аудандық білім бөлімдерінің басшылары мен облыстық полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Әмитов Шамшидин Егенбердіұлының қатысуымен білім саласының облыстық алқа мәжілісі өтті. Онда 2024 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы мен жалпы жыл көлемінде атқарылатын жоспарлар туралы айтылды.
Мәжілістің күн тәртібіндегі бірінші мәселе мектептердегі тегін ыстық тамақтың берілуіне қатысты жүргізілген зерделеу жұмыстарының қорытындысы туралы Жүнісова Шолпан Оралбайқызы баяндама жасады.
Шолпан Оралбайқызының баяндамасынан соң басқарма басшысы Асқарбек Темірбекұлы бракераж комиссия жұмысын жүргізу, ыстық тамақты ұйымдастыру, нормативтік құжаттарды түсіндіру бойынша білім беру ұйымдарының басшыларына оқыту семинар өткіз, аудандық, қалалық сараптама топтардың жұмысын күшейту, аудандық, қалалық сараптама топтардың жоспарын бекіту және тоқсан сайын сараптама топтың есебін білім басқармасына жолдауды қамтамасыз ету, облыстық сараптама топпен анықталған кемшіліктерді болдырмау мақсатында іс-шара жоспарын әзірлеп, оның орындалуы туралы ақпаратты басқармаға жолдау туралы тапсырмалар берді.
Мәжілісте кеңінен талқыланған екінші мәселе жазғы тынығу лагері жұмыстарының ұйымдастырылуы туралы Парасат Жаңабергеновтың хабарламасынан соң аймкқтың бас ұстазы: Жасөспірімдердің жазғы уақытта бос уақытын еңбек демалысымен қамту мәселесін пысықтап, қосымша жұмыс қызметі тетіктерін қарастыру, жазғы демалыс түрлерін көбейту, мектепішілік есепте тіркелген оқушыларды сауықтырып, демалысын, бос уақытын дұрыс өткізуін, даму мүмкіндігі шектеулі және мүгедек балаларды сауықтырып, демалысын, бос уақытын 100 % ұйымдастыру, балалар мен жасөспірімдердің жазғы мезгілде бос уақытын ұйымдастыруда туристік-экскурсиялық маршруттар кестесін әзірлеп, 2024 жылғы 10 сәуірге дейін басқармаға ұсынуды тапсырды.
Мұнымен қоса еліміздің басқа облыстарындағы табиғаты келіскен орындардағы материалдық-техникалық базасы талапқа сай жабдықталған жазғы тынығу-сауықтыру лагерлерінде облыс балаларының демалысын ұйымдастыруға демеушілікпен кәсіпкер, меценаттар тарту қажеттігін, берілген тапсырмалардың орындалуын 2024 жылғы 10 сәуірге дейін білім басқармасының тәрбие жұмыстары бөліміне беру туралы қатаң тапсырмалар берді.
Келесі кезекте ҰБТ-ның ақылы кезеңдерінің (қаңтар-ақпан, наурыз айлары) корытындысы, мемлекеттік аттестатау барысында еткізілген кешенді тестілеу нәтижелері, 5-8, 10-сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен
өткізілетін емтиханға дайындық жұмыстары тіралы меңтепке дейінгі және орта білім бөлімінің басшысы Нұрлан Дәулеталиевпен пысықталып, сәйкесінше жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін атқарылатын жұмыстар легін атап айтты.
Мемлекеттік сатып алу жұмыстары мен күрделі жөндеу жұмыстарынынң ұйымдастырылуы туралы, 1 тоқсанның (2024 жылы қаңтар-наурыз айлары) корытындысы бойынша қаржы игеру жұмыстары туралы бөлім басшыларының хабарламасын тыңдап, тиісті шаралар беруді тапсырды.
Ағымдагы мәселелер, атап айтқанда кадрлык камтамасыз ету, мектептің даму жоспары, нысаналы индикатор көрсеткіштері, БАҚ жарияланымдары және тағы басқа мәселелер бойынша көрсеткіштері төмен аудандарға ескертулер берді.
Алқа отырысының қорытындысымен басқарма басшысы оқу жылының қорытындысымен өтетін мәжілісте жоғарыда аталған тапсырмалардың орындалуы бойынша баяндауды қатаң негізге алуды ұсынды.
Қызылорда облысының білім басқармасының баспасөз қызметі