ТӘРБИЕ НЕГІЗІ – ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТА

Осы ретте өткен аптада №46 А.С.Пушкин атындағы мектеп лицейінде б а с т а у ы ш с ы н ы п бірлестігінің ұйымдастыруымен «Тұлға қалыптастыруда ұлттық қ ұ н д ы л ы қ т а р д ы ң м а ң ы з ы » т а қ ы р ы б ы н д а с е м и н а р ө т т і . Тағылымды шараға 50 шақты мектепалды даярлық мұғалімі мен бастауыш оқу ісі орынбасарлары қатысты. Басқосудың негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойына ұлттық тәрбие мен құндылықтарды сіңіріп, ұстаздардың тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасау. Семинар барысында ұлттық тәрбиенің бала дамуына әсері, салт-дәстүрлердің маңызы, қазақи құндылықтарды мектепте дәріптеу жолдары талқыланды. Сондай-ақ мұғалімдер келген қонақтарға өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп, жаңа әдіс-тәсілдерді ұсынды. Шара ұлттық ойындармен, шығармашылық жұмыстармен, ойын түріндегі ашық сабақтармен және ертегі қойылымдарымен ерекшеленді. Дана халқымыз «Халықтың рухани, мәдени әлемі оның дәстүрлі өнерінен көрінеді» деп бекер айтпаса керек. Семинарға арналған көрмеге қойылған әр бұйымдардан қазақылықтың иісі аңқып тұрды. Қыз балалардың таққан шолпысы, камзолы, ер балалардың асық ойнағаны, домбыраны күмбірлетіп ойнауы бәрі көзге ерекше көрінді. Кездесуді мектеп-лицей директорының міндетін атқарушы Гүлназ Достиярова ашып беріп, әріптестеріне сәттілік тіледі. – Тәрбие – ұрпақты биік мұратқа жетелейтін сапалы білімнің тұғыры. Ұлттық құндылықтармен сусындап өскен ұрпақ ұлағатты болады. Дәл осы келешек ұрпағымыз ұлттың сапасын құрайды. Сол себептен қадір-қасиет, адалдық, арнамыс, патриотизм, жауапкершілік, әдептілік, мейірімділік, сүйіспеншілік, үлкенге ізет, кішіге құрмет сияқты қасиеттерге ие шығармашыл азаматты тәрбиелеу маңызды. Ұрпақ тәрбиесіне барлығымыз жауаптымыз. Мемлекет бала тәрбиесі мен біліміне ерекше көңіл бөліп, үнемі қолдау көрсетіп келеді. Біз балаларымызды біліммен ғана емес, олардың адами құндылықтарға негізделген берік ділін, заманауи дүниетанымын келешек елдің мүддесіне адал қызмет ететіндей азаматтық мінезін қалыптасуға атсалысуымыз қажет. Міне, бүгінгі өткізілген шара да көпке үлгі деп ойлаймыз, – деді Г.Кенжәліқызы. А й т а к е т е й і к , И н д и р а Дүйсенбайқызы бастаған бастауыш сынып бірлестігі кәсіби шеберлігін арттырып қана қоймай, өскелең ұрпақтың бойында ұлттық сананы қалыптастыруға мол септігін тигізуде. Шынында, осындай шаралардың ұйымдастырылып тұруы көңілге қуаныш ұялатады. Бұл дегеніміз – жас ұрпақтың ұлттық рухта тәрбиеленуінің бірден-бір кепілі.
Айнұр МАХСҰТҚЫЗЫ,
суретті түсірген Бақытжан БӘЙІМБЕТ
суретті түсірген Бақытжан БӘЙІМБЕТ