
Облыстық білім басқармасы жанынан білім беру ұйымдарындағы асхана және тамақтану сапасын бақылау мақсатында құрылған ведомствоаралық сараптамалық топ Шиелі кентіндегі мектептерде мониторинг жұмыстарын жүргізді. Топ құрамында облыстық білім басқармасы балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік қорғау бөлімінің басшысы - Жунисова Шолпан Оралбаевна, бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі - Тоғанова Жақсыгүл Қоханқызы, Қызылорда қаласының "№1 қалалық емханасы" ШЖҚ КМК-ның бас дәрігердің ана мен бала жөніндегі орынбасары - Қайранбаева Айжан, «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалының консультанты - Сапарбаев Нұрсұлтан Аманғалиұлы болды. Сараптамалық топ білім беру ұйымдарындағы асханалар жұмысының санитарлық ережелерге, сондай-ақ балалар тамағының арнайы бекітілген нормаларға сәйкестігі, тамақтандыру бойынша құжаттардың заңға сай рәсімделуі және басқа да талаптардың орындалуы зерделенді.